ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас таланттардың орындауында бард әндері
18-05-2021 09:50
Жас таланттардың орындауында бард әндері

2021 жылғы 14 мамырда Павлодардағы № 16 лицей-мектебімен «Аккорды радуги - 2021» бард әндерінің VI республикалық қашықтықтағы балалар мен жасөспірімдер фестивалінің қорытындылары шығарылды. Мақсаты - жас авторлардың, талантты шыығармашыл ойлайтын авторлық әндерді орындаушылардың шығармашылық деңгейін қолдау.

         Фестивальге  Ресейдің Геленджик, Нұр-Сұлтан, Орал, Екібастұз, Ақсі қалаларының, № 4, 16, 17, 18, 25, 28, 34, 39, 41, 43 жалпы білім беру мектептерінің, № 9 гимназия мектебінің, лицейлер, колледждер, Павлодар қаласының қосымша білім беру және тәрбиелеу мекемелерінің құрамалары қатысты.

Конкурс төрт жас ерекшелігі бойынша алдын ала іріктеу кезеңінен:  12 жасқа дейін, 13 - 15 жас, 16 - 18 жас, 19 - 25 жас және көрермендер мен қатысушылардың өзіне жарқын мереке болған қорытындыдан тұрды.

Фестивальдің іріктеу кезеңіне құрамында 105 ең жарқын және талантты қатысушысы бар 75 бейнебаян ұсынылды. Олардың орындауындағы вокалдық шеберлік, орындау мәдениеті, музыкалық аспапты иемденуі, артистизм мен репертуардың бард жанрына сәйкестігі ескерілді.

Фестиваль қатысушыларының орындауында аналарына, достарына, туған жеріне деген сүйіспеншілік туралы әндер, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған әндер шырқалды. Жас бардтарға Кереку өңірінің  барды, қазылар алқасының мүшесі Марина Раисовна Каримованың орындауында «Павлодар» авторлық әнін шырқалды. 5 жыл бойы фестивальге қатысушылар - Наталья Бережинская, Дарья Кобылкина Нұр-Сұлтан қаласының. «ДЮТиК» музыкалық орталығының тәрбиеленушілері, Түйтебаев Ерсұлтан «Жасыл арба» авторлық ән клубының мүшесі, Георгий Каримов Павлодар қаласындағы № 43 ЖОМ 6 сынып оқушысы, Варвара Панихина Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.

«Авторлық ән» номинациясымен өздері шығарған әндерді орындағаны үшін талантты орындаушылар Павлодар қаласының № 28 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сауленова Томирис, Нұр-Сұлтан қаласының. «ДЮТиК» музыкалық орталығының тәрбиеленушісі Иващева Варвара,  Ткачук Ярослава (Нұр-Сұлтан қаласының), Каримолла Қарлығаш және Ерназаров Расул (Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының марапатталды.

Фестиваль-конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, жеңімпаздар жетекшілері алғыс хаттармен, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады. Фестиваль жеңімпаздары Кереку өңірінің белгілі бардтары М. Р. Каримовамен, А. В. Казаковпен, М. М. Татыбаевпен бірге күзде «Аккорды радуги - 2021» гала-концертіне қатысады.