ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстанның үздік олимпиадашыларының қатарында 3 павлодарлық оқушы бар
25-05-2021 09:32
Қазақстанның үздік олимпиадашыларының қатарында 3 павлодарлық оқушы бар

      Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы 2021 жылғы 19 мамырда онлайн форматта өтті, оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізді.

        Мақсаты - жоғары деңгейдегі олимпиадаларға, олимпиадалық резервке қатысу үшін оқушылардың республикалық командасын толықтыру. Олимпиадаға Қазақстанның 7 - 8 сыныптарынан 300-ден астам оқушы қатысты. Облыстық команда құрамында облыстық кезеңнің жеңімпаздары Павлодар қаласының № 34, 39, 25 ЖОМ бағдарламалау бойынша, № 39 ЖОМ химия бойынша, № 25 ЖОМ география бойынша 4 оқушы болды.

         Олимпиада қорытындысы бойынша қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 3 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды.

        География бойынша II орынды № 34 ЖОМ 8-сынып оқушысы Жақсыбаева Малика, бағдарламалау бойынша № 39 ЖОМ 7-сынып оқушысы Вирясова Кира иеленді.

        Бағдарламалау бойынша ІІІ орынды № 34 ЖОМ  8 сынып оқушысы Юсопов Даниил иеленді. Олар Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлығы республикалық, облыстық, қалалық пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Кира 2020 жылы Қазақстанның 1 - 6 сыныптарының ең талантты оқушыларының қатарында математика және жаратылыстану пәндері бойынша «Дарын» орталығының «Olympic Summer School 2020» қашықтық форматтағы Республикалық бірінші жазғы мектебіне қатысты.