«Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығының экологиялық-ботаникалық кешені мысалында оқу-тәжірибелік учаскенің жұмысы туралы әдістемелік ұсынымдар» облыстық семинары 2021 жылғы 27 мамырда ZOOM платформасында қашықтық форматта өтті. Мақсаты - мектеп жанындағы учаскелерде, білім беру ұйымдарының аумақтарында жұмысты ұйымдастыру бойынша практикалық көмек көрсету. Жалпы білім беретін мектептердің биология, жаратылыстану пәндерінің 25 мұғалімі, мектеп жанындағы учаскелердің жұмысын ұйымдастыруға жауапты облыстың қосымша және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Семинарда Павлодар экология және туризм орталығының педагогтары «Білім беру ұйымдарында оқу-тәжірибелік учаскеде білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру», «Білім беру ұйымдарында оқу-тәжірибелік учаскеде метеоалаңды ұйымдастыру және фенологиялық бақылаулар жүргізу», «Бір жылдық және көп жылдық гүл дақылдарын отырғызу мерзімдері, олардың мысалында тәжірибелік және зерттеу жұмысы», «Мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелері жағдайында бөлме өсімдіктерін өсіру және күту», «Бөлме өсімдіктерімен тәжірибелік жұмыс» мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. «Сәндік композициялар жасау кезінде табиғи материалдарды пайдалану» мастер-классы өткізілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, әдістемелік материалдар берілді.