Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде және оның құрылымдық бөлімшелерінде жазғы демалыс кезінде жазғы каникул кезінде 1 - 7 сыныптың 1009 оқушылары алған білімдерін концерттік практикамен бекітеді. Мақсаты - оқушылардың сахнада өнер көрсетулерінің тәжірибелік дағдысын қалыптастыру.
Күн сайын концерт залдарында алты-жеті концерттік іс-шаралар өтеді. Жас әртістер түрлі аспаптар үшін өңделген ұлттық және халық музыкасын, заманауи мен джаз композицияларын, классикалық туындыларын орындап, сахнаға рақаттанып шығады. Концерттерде оқушылар тыңдайды, талдайды бір-бірінен орындау шеберлігін үйренеді.
Мектептің барлық оқушылары үшін күн сайын өтетін кинолекторияларда балаларды өте қызықты бағдарлама күтеді. Бұл іс-шараларда балалар көп қызықтар мен жаңалықтарды біледі, композиторлардың өміріндегі деректермен танысады, әлемдік музыкалық мәдениет үлгілерін тыңдайды, мектептік бағдарламадан тыс қосымша ақпарат алады.
Мектептің «Музыкальный караван» жазғы жобасы шеңберінде 2-маусымнан қалалық жалпы білім беру мектептерінің мектеп жанындағы лагерлері үшін концерттік іс-шаралар басталды. Концертке 750-ден астам бала қатыса алады.
- Музыка мектебі оқушыларының бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру мақсатында 16 - 30 маусымға дейін «Сириус» мектеп алды бейінді лагері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында 6 - 14 жастағы 1 - 7 сыныптың 100-ден аса оқушылары демала алады, - дейді мектеп басшысы, Ольга Леонидовна Бобровская.