Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мемлекеттік рәміздер күні
04-06-2021 12:08
Мемлекеттік рәміздер күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында 2021 жылғы 1 - 4 маусымында іс-шаралар өткізілді.

Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде «Елімнің рәміздері - мақтанышым» атты  бейнероликтер конкурсы өтті, әлеуметтік желілерде 1000-нан астам бейнероликтер, «Ұран - бірлік, рәміздерім - мақтанышым» құттықтау ашық хаттары орналастырылды.

4 маусымда онлайн форматта «Бұл біздің Ту!», «Бұл біздің әнұранымыз!», «Бұл біздің Елтаңба!» жалпымектептік акциялар, «Рәміздерім - ұлттық мақтанышым!» виртуалды экскурсия өткізілді. «Менің елім - менің әнұраным» акциясы аясында мектеп жанындағы лагерьлердің 1 - 4 сыныптарының 5 мыңнан астам оқушысы бір уақытта Қазақстан Әнұранын орындады. «Менің тереземдегі Ту» патриоттық акциясы аясында мектепке дейінгі мекемелердің балалары, мектеп оқушылары бір уақытта балабақшалардың, мектептердің, пәтерлердің, үйлердің терезелеріне жалаулар салды.

Бұл күні жазғы мектептің 1-11 сынып оқушыларының 13000-нан астамы Тэйбл-talk «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» дөңгелек үстеліне, «Туым - намыс, ұран - бірлік, рәміздерім - мақтанышым» білгірлер байқауына, «Отбасы, өлке, ел өміріндегі рәміздер мен атрибуттардың мағынасы» эссе байқауына, «Тәуелсіздік ел - Қазақстан» мәнерлеп оқу байқауына, «Мемлекеттік рәміздер - елдігімнің айғағы, ұлтымның мақтанышы» көрмесін дайындауға қатысты.

Балалар «Қазақстан балалары спортты таңдайды» спорттық онлайн-марафонына, «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» сурет-парадына қатысты. «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері жалаушалармен «Мен өз елімнің туын мақтан тұтамын» флешмобын өткізді.