ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарда балаларды жазғы демалыс пен бос уақытты қамту бойынша жоба басталды
07-06-2021 09:50
Павлодарда балаларды жазғы демалыс пен бос уақытты қамту бойынша жоба басталды

     Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы жазғы кезеңде балалардың бос уақытын қамту бойынша «Жазғы круиз» жобасын іске қосты. Жоба оқушылардың музыкалық қабілеттерін, шығармашылығын, спорттық жетістіктерін анықтауды, мектеп жасындағы балалардың қызығушылықтары бойынша түрлі конкурстарды қарастырады.

    Жоба «Жазғы палитра» қалалық қашықтық фестивалімен басталдыҚаланың 29 жалпы білім беретін мектептерінен 1 - 4 сынып оқушыларынан 97 жас вокалист қатысты. Фестивальдің негізгі шарты бейнеролик дайындау кезіндегі креативті тәсілдеме, идеяның бірегейлігі, әртістігі, шығармашылық әлеуеті болып табылады.

      Оқушылар «Сары бала», «Мамантенок», «Жаз», «Мектеп кезі», «Бұл жаз», «Үлкен дөңгелек би», «Көк теңіз жағасында», «Жаз кезі» тақырыптарында 70 бейнематериал ұсынды.

        Фестиваль қорытындысы бойынша 52 жүлделі орын анықталды, оның ішінде I орынды - 2, II орынды - 16, III орынды - 34. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталады.

         № 14 ЖОМ 3 сынып оқушысы Кромер Кира «Сары бала» әнімен № 16 мектеп-лицейінің 2 сынып оқушыларының дуэті Русских Андрей мен Королькова Диана «Бақытты балалық шақ пен достық» әнін жоғары вокалдық шеберліктері мен әртістіктерін көрсетіп, орындағандары үшінI дәрежелі дипломмен марапатталды.

       Кираның дауысы жоғары және ол Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-демалыс орталығының Арт-вояж студиясында вокалдан сабақ алады. Оның қалалық байқаудағы дебюті сәтті өтті.

        Андрей мен Диана қалалық Естай атындағы мәдениет сарайының «Сәулетай» вокалды ансамбль үйірмесіне барады. Дуэт 1-сыныптан бастап белсенді, олар мектептегі іс-шараларға қатысады және көрермендер арасында өз жанкүйерлеріне ие болды.