kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2267625
Бір айда162099
Бір аптада29459
Кеше2776
Тәулік812
Павлодарлық оқушылар экология мәселелерін талқылады
07-06-2021 17:42
Павлодарлық оқушылар экология мәселелерін талқылады

    Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін өткізу шеңберінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 2021 жылғы 4 маусымда 1 - 10 сыныптардың 12 мыңнан астам оқушыларының қатысуымен экологиялық сағат өткізілді. Мақсаты - табиғи ресурстарға, қоршаған ортаға қатысты экологиялық сананы тәрбиелеу.

    1 - 4 сыныптарда экологиялық сағаттар «Егер жер алма болса» - жер ресурстарының маңыздылығы туралы, 5 - 10 сыныптарда - «Жердің температурасы» - әлемдегі көмірқышқыл газының шығарылу мәселелерін шешу, «Мұхиттарға қауіп төніп тұр» - су ресурстарының ластану мәселелерін шешу туралы тақырыптарда өтті.

   Экологиялық сағаттарды өткізу кезінде су, энергетика, экологиялық сала өкілдерімен кездесулер көзделген. Диалогтық алаңдар, танымдық ойындар, бейне-роликтерді қарау және талқылау түріндегі экологиялық сағаттарда мектеп оқушыларымен туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, су ресурстарын сақтау, сау экоәдеттер - экодемалуды дамыту, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, дұрыс тамақтану, ауаны қорғау, жерді ластанудан қорғау мәселелері талқыланды.

   Бірқатар мектептерде экологиялық сағат ағаш отырғызумен аяқталды, өткізу туралы ақпарат әлеуметтік желілерде, мектептердің сайттарында орналастырылды.