kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2267541
Бір айда162015
Бір аптада29375
Кеше2776
Тәулік728
Фото-дауыс: экология мәселелері балалар көзімен
10-06-2021 09:50
Фото-дауыс: экология мәселелері балалар көзімен

Экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Фото-дауыс: «Экология мәселелері балалар көзімен» атты облыстық байқау өткізілді. Байқауға Павлодар, Екібастұз қалалары, Ақтоғай, Павлодар, Ертіс, Тереңкөл, Шарбақты, Май, Успен, Железин аудандарының жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 200-ден астам оқушысы қатысты. Байқаудың ұйымдастырушысы Павлодар облысының білім беру басқармасы болып табылады.

Байқау «Фотосурет», «Сурет» номинациялары бойынша өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша «Сурет» номинациясында Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі «Юнеско» - клубының 5 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша «Сурет» номинациясында II орынды, 8 жасар Жанерке Садырбай гуашь техникасында орындалған «Біз қоршаған әлемге жауаптымыз» суреті үшін, және 8 жастағы Ажар Ерубай «Қаламыз таза болуы үшін» суреті үшін марапатталды.

III орынға Аруанна Досымбай гуашь техникасында орындалған «Бұл жер сенікі және менікі» суреті үшін, 7 жаста, гуашь техникасындағы «Таза аула» суреті үшін Мәди Батырбаев, 8 жаста, аралас техникасында орындалған «Қоқыс. Net» суретімен Катриана Ленинг, 7 жаста ие болды.

- Балалардың бала кезінен экология мәселелерін көріп, олардың шешімдері туралы қазірден ойлаулары өте маңызды, - дейді мектеп директоры Ляйля  Мукарамовна  Магзамова.