Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығында 2021 жылғы 19 маусымда демалыс күндері жұмыс істейтін «Holiday» лагері өз жұмысын бастады. Мақсаты - жазғы демалысты қамтамасыз ету үшін оңтайлы жағдайлар жасау, балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және жұмыспен қамту, ата-аналардың балаларымен уақыт өткізу мүмкіндіктерін кеңейту. Лагерь жаз мезгілінде жұмыс істейтін болады. 200-ден астам оқушылар мен олардың ата-аналарын қамту жоспарлануда.
Бірінші демалыс күні лагерьге орталықтың балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, жалпы 60 адам қамтылған ата-аналар шақырылды.
Лагерьдің демалыс күнгі бағдарламасында оранжерея, «Жас эколог» мұражайы бойынша шолу экскурсиялары, туристік-жаттығу соқпағынан өту бойынша мастер-класстар өткізу, «Жасыл ғаламшар» экоквесты бар. Іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өтеді.
- Лагерьдегі бос уақыт отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, туризм дағдыларын алуға жағдай жасайды, тыныс - тіршілікті ұйымдастыру мәселелерін шешуге, патриоттық, рухани-адамгершілік, жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, ұжымда жұмыс істей білуге ықпал етеді, - дейді орталықтың бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Әсия Касенова.
Одан арғы жұмыста демалыс күнгі бағдарлама қатысушылардың мүдделерін ескере отырып түзетілетін болады. Туристік көпсайыс бойынша экскурсиялар, мастер-кластар, экология және өлкетану мәселелері бойынша зияткерлік-танымдық викториналар өткізу жоспарлануда.