ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар домбыраны өздері жасады Павлодар қаласының № 17, 14, 26, 21, 43, 27, 28 ЖОМ, №16 мектеп-лицейі, №9 мектеп – гимназиясының мектеп жанындағы лагерьлердің 60 - тан астам 1-6 сынып оқушылары 7 мамыр - 16 маусым аралығында домбыра
28-06-2021 10:27
Павлодарлық оқушылар домбыраны өздері жасады         Павлодар қаласының № 17, 14, 26, 21, 43, 27, 28 ЖОМ, №16 мектеп-лицейі, №9 мектеп – гимназиясының мектеп жанындағы  лагерьлердің 60 - тан астам 1-6 сынып оқушылары 7 мамыр - 16 маусым аралығында домбыра

Павлодар қаласының № 17, 14, 26, 21, 43, 27, 28 ЖОМ, № 16 мектеп-лицейі, № 9 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы  лагерьлердің 60-тан астам 1 - 6 сынып оқушылары 7 мамыр - 16 маусым аралығында домбыра күніне арналған «Домбыра - қазақ халқының мұрасы» қалалық байқауына домбыра дайындаумен айналысты. Байқаудың ұйымдастырушысы Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі болып табылады.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар ағаштан, тастанды материалдардан, папье-машеден домбыра жасау керек болды.

- Қатысушылардың байқауға шығармашылықпен қарап, домбыраны сәндік-қолданбалы өнер заты ретінде шебер дайындағандары қуантады. Қалада ұлттық аспапты жасау технологиясының қыр - сырын меңгере отырып, жас шеберлер домбыра жасау бойынша кеңес ала алатын нағыз шеберлер аз емес, - дейді қазылар алқасының мүшесі, музыка мектебінің домбыра сыныбы бойынша ұстазы Шынар Серікқызы Әуелбекова.

Байқауға қатысушылар домбыра жасауға және халық дәстүрлерін білуге қызығушылықтарын білдірді. Байқаудың жеңімпаздары № 14 мектеп командасының оқушылары және № 17 мектеп оқушысы Оразалы Мұқұш, 14 жаста, болды. Олар домбыра шеберлерінің ұрапақтан ұрпаққа қалтыратын, домбыра жасау ережелерін, дәстүрлерін, технологияларын сақтай отырып, ағаштан домбыра жасады.

Байқаудың ІІ орынын қазылар алқасы № 28 ЖОМ оқушысы Әлихан Туғанбай, 14 жаста, Ризабек Жарылғапов, 12 жаста (№ 26 ЖОМ) берді. III орынды № 28 ЖОМ оқушылары Адият Бушанов, 12 жас, Азим Бушанов, 13 жас, Шыңғыс Сапаргалиев, 14 жас (№ 21 ЖОМ) иеленді. Адият домбыраны матамен және ою-өрнекпен безендірді, Шыңғыс Сапарғалиев өз аспабын жасауда пластикалық құбырды пайдаланды.

Домбыра жасаудағы шығармашылық тәсілдеме үшін дипломдармен Амир Амиргалинов, 8 жас (№ 43 ЖОМ), Султан Баймуханов, 9 жас (№ 27 ЖОМ), Алимжан Желкамбаев, 9 жас (№ 27 ЖОМ), Ілияс Ерлан, 7 жас (№ 9 мектеп-гимназия) және № 16 мектеп-лицей оқушыларының ұжымдық жұмысы марапатталды. Сұлтан домбырасын папье-машеден жасады.