ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас құтқарушылар біріншілігі
28-06-2021 14:58
Жас құтқарушылар біріншілігі

Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, ата-аналардың назарын балалардың тентектігі мен абайсыздығынан, балалардың судағы қауіпсіздік ережелерін білмеуінен, төтенше жағдайларда әрекет ете алмауынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу проблемаларына аудару мақсатында «Жас құтқарушы - 2021» облыстық жарысы өткізілді. Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 10 команда қатысты.

Жарыс барысында командалар музыкалық нөмірді, театрландырылған қойылымды, елдегі және әлемдегі төтенше жағдайлар бойынша жаңалықтар оқиғаларының миниатюраларын орындау бойынша «Визитная карточка» шығармашылық конкурсында бақ сынасты. Іс жүзінде өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию, суға батушыға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 17 ЖОМ-нің «Жауынгер» командасы Железин ауданының «Дельфин» және Екібастұз қаласының «Жалын» командаларынан озып, I орынға ие болды. Жарыстың жүлдегерлері мен қатысушылары медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

№ 17 ЖОБМ командасының құрамында 8 - 10 сыныптарының 8 оқушысы қатысты: 10-сынып оқушысы, Шестаков Дима, 10-сынып оқушысы, Врачевская Дарья, 10-сынып оқушысы, Сериков Ернар, 10-сынып оқушысы, Ахметбекова Сабина, 9-сынып оқушысы, Колесник Максим, 9-сынып оқушысы, Сайфутдин Ерасыл, 8-сынып оқушысы, Абдуллин Адияр, 8-сынып оқушысы, Губарев Артем, олар «Жас құтқарушы» клубында жаттығады және құтқарушылармен бірлесіп судағы қауіпсіздік бойынша іс-шараларға қатысады.

Айта кету керек, мектеп командасын Павлодар қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының мамандары облыстық жарыстарға дайындауға ат салысты.