ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Баянауылда жас экологтар, туристер, өлкетанушылардың жазғы практикумы
29-06-2021 09:46
Баянауылда жас экологтар, туристер, өлкетанушылардың жазғы практикумы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Искра», «Вертикаль», «Бұлақ» балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Павлодар қаласы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының қолдауымен 2021 жылғы 29 маусымда Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кетті. Мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Үш күн бойы құрамында № 22, 13, 21, 9, 29, 36, 39, 42, Қ. Мақпалеев атындағы мектептердің 43 оқушысы бар жас экологтар, туристер, өлкетанушылар «Тарих жолымен» атты жазғы көшпелі практикум аясында Баянауылдың өсімдік әлемін, тарихын, тау сілемін тәжірибелік зерттеумен ұштастыра отырып, демалыс және сауықтыруды өткізеді.

Практикум бағдарламасында радиалды шығулар, жаттығу практикумдары, шағын олимпиада ойындары, экологиялық акциялар, бард әндерінің кеші бар. Іс-шаралар барысында әрбір қатысушыға туристік-спорттық шеберлігін арттыруға, экологиялық мінез-құлық және табиғат қорғау қызметі дағдыларын дағдыландыруға, шығармашылық жұмыс үшін материалдар жинауға, ұйымдастырушылық қабілеттерін, белсенділігін, ұжымдық жұмыста жауапкершілігін көрсете білуге мүмкіндік беріледі.