ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушыларының шығармашылығындағы комикстер
30-06-2021 09:31
Оқушыларының шығармашылығындағы комикстер

«Жазғы круиз» жазғы кешенді бағдарламасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 14 - 25 маусымда «Все в сети» жазғы қалалық онлайн комикстер конкурсын өткізді. Мақсаты -балаларды бейнелеу өнері арқылы шығармашылық іске тарту. Байқауға қаланың 14 жалпы орта білім беретін мектебінің 1 - 11 сыныптарынан 40 оқушы қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар берілген сюжеттерге комикстер ұсынды: «Болашақ мектебі» - 1 - 4 сынып оқушыларына, «Сен ұйықтап жатқанда» - 5 - 8 сынып оқушыларына, «Мистикалық тарих» - 9 - 11 сынып оқушыларына. Барлығы 39 комикс ұсынылды.

- Байқауды өткізу оқушылардың комикстерді жасауға, шығармашылық қызмет арқылы өзін-өзі көрсетуге, қиялын дамытуға және қағаз жүзінде ой жеткізу дағдыларын көрсетуге қызығушылық танытуына ықпал етті, - дейді орталықтың әдіскері Талғат Шәкіров.

16 оқушы байқаудың жеңімпаздары атанды, оның ішінде бірінші орын - 3, екінші орын - 6, үшінші орын -7 оқушы.

І орынды 9 сынып оқушысы Богомолова Дарья «Мистикалық тарих» сюжеті үшін, 7 сынып оқушысы Негманова Жанель «Сен ұйықтап жатқанда» сюжеті үшін № 14 ЖОМ, № 41 мектептің 3 сынып оқушысы Коротееев Артем «Болашақ мектебі» сюжеті үшін алды. Өз жұмысында Жанель ұйқы кезінде бөлмені тазалаған бөтен тіршілік иелерінің мейірімділігі мен еңбекқорлығының сюжеттерін көрсетті. Дарияның жұмысы мектептегі оқушылармен болған күтпеген оқиғалар туралы баяндайтын бірнеше сюжеттік желілерден тұрады. Артем өзінің комикстерінде балалар болашақ мектепке ғарыш аппараттарымен ұшып келеді, ал мектеп асханаларында түтіктермен тамақ беретінін көрсетті.

ІІ орынды ЖОМ оқушылары № 29, 32, 43 (2), № 20 мектеп-лицей, № 9 мектеп-гимназия, ІІІ орынды ЖОМ оқушылары № 17, 26, 28 (2), 29, 32, 43 иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.