ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Директорларының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
01-07-2021 09:00

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының № 27 жалпы орта білім беру мектебі» КММ

(мекенжайы: Павлодар қ., Павлов к., 17, тел. 33-81-23, э/пошта: 27_school@mail.ru)

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының Жетекші орта жалпы білім беру мектебі» КММ

(мекенжайы: Павлодар қ., Жетекші а., Қыз Жібек к., 5/1, тел. 35-67-93, э/пошта: zhsh.08@mail.ru)

директорларының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

            

Павлодар қаласының № 27 жалпы орта білім беру мектебі– қазақ және орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады. 1964 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектептің жобалық қуаттылығы – 924 оқушы орны.

Павлодар қаласының Жетекші орта жалпы білім беру мектебі– қазақ және орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады. 1988 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектептің жобалық қуаттылығы – 160 оқушы орны.

Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері:Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңесті басқарады.

Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген. Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады. Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.           

Лауазымдық жалақының мөлшері еңбек өтіліне байланысты 149796 теңгеден 181 624 теңгеге дейін.

КонкурсҚР БҒМ 2012  жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» № 57(өзгерістер енгізілген21.05.2020 ж. № 213) бұйрығынегізінде өткізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Конкурс кезеңдері:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;

3) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

4) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білу үшін тестілеу (тестілеуден өткені туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді);

5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен келісу;

6) кандидаттарды облыстың білім беруді басқару органдарымен келісу (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда);

7) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі мен орны: Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға құжаттар Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің кеңсесі, 10 терезе немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылықабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғыжұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттыңкөшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарынбекіту туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетінатқарушының 2010 жылғы              23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтықактілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде          № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанбойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы неболмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болғанжағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктіліктіарттыру курстарынан өткенін растайтынқұжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадрқызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауынакәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалықтәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштерінеқол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшінкөрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызмет көрсетуүшін қажетті құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленген жағдайда мемлекеттікқызметті көрсетуден бас тартады

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары: 8 (7182) 32-18-77, 8 (7182) 61-60-85, электрондық мекенжайы: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz