ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көркемсурет мектебі оқушыларының суреттеріндегі жаз
02-07-2021 09:26
Көркемсурет мектебі оқушыларының суреттеріндегі жаз

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 6 - 11 жас аралығындағы оқушылары Бұхар жырау атындағы мұражайдың «Шуақты жаз» көрмесіне 20-дан астам жұмыс дайындады. Өз суреттерінде жас суретшілер жаз мезгіліндегі табиғаттың сұлулығын, жазғы демалыс туралы әсерлерін бейнеледі.

Теңіз жағасындағы демалыстан алған жарқын әсерлерімен - 8 жасар Есения Сафенова өзінің «Ілеспе жел» суретінде, Вероника Кожа, 7 жаста, «Дельфиндермен кездесу» суретінде бөлісті, жұмыстар аралас техникада орындалған. Ал, 10 жастағы Маргарита Прилуцкая «Түймедақ» суретінде, Георгий Шапов, 8 жаста, «Жазғы гүлшоқ» суретінде, Елизавета Вассерберг,7 жаста, «Күнбағыс» атты гуашьпен орындалған суреттері арқылы жазғы гүлдердің сұлулығы мен нәзіктігін көрсетті. Достармен қарым-қатынас қуанышын 8 жасар Милана Русских,түрлі-түсті пастельмен орындалған «Достармен серуендеу» жұмысында, Ярослав Челаков, 6 жаста, гуашьпен орындалған «Қонақта» суретінде, Нұрали Жұмекен, 7 жаста, фломастермен орындалған «Жарыс» суретінде көрсетті.

- Әр суретте біз күнді, балалардың бақытты жүздерін, бейбіт көк аспанды байқаймыз. Балалар өте шынайы, ашық және өте дарынды. Өз суреттері арқылы олар әлемді, қоршаған ортаны қабылдауды көрсетеді, және олар өздері туралы, жетістіктері мен алған білімдері туралы айтады, - дейді Инна Владиславовна Масленникова. - Бұл суреттер көрмесі біздің оқушыларымыздың шығармашылық жұмыстарының аз ғана бөлігі ғана және біз оны көрермендерге көрсетуге қуаныштымыз. Біздің міндетіміз - жас дарындардың шығармашылық әлеуетін ашу және дамыту.