ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар мектебінде домбыраның кезекті кабинеті ашылды
03-07-2021 09:11
Павлодар мектебінде домбыраның кезекті кабинеті ашылды

Домбыра күні қарсаңында 2021 жылдың 28 маусымында Павлодар қаласының № 41 мектебінде педагогикалық еңбек ардагері Рысты Шаймұратқызы Искакованың, павлодарлық белгілі әнші Ризахан Қабиевтің қатысуымен домбыра кабинеті ашылды. Кабинетте 15 домбыра бар. Кабинетті құру үшін бюджет қаражатынан 1245000 теңге бөлінді және «Мектепке тағзым» акциясы шеңберінде 2010 жылғы түлектермен 150000 теңге сомасында демеушілік көмек көрсетілді.

- Қазақтың ұлттық аспабын үйренуге 1 - 9 сыныптардың 50-ден астам оқушысы ниет білдірді, - деп атап өтті домбыра үйірмесінің музыкалық жетекшісі Айболат Бәқібайұлы Жаркенов.

- Күн сайын жас музыканттардың саны тек қана өсетін болады, тәрбиеленушілердің облыстың үлкен сахнасына шығуы үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек.

Енді оқушылар аспаптарда ойнау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.

- Домбыра - қазақтың жаны. Ол көңіл-күйді жеткізеді, көңіл-күйді білдіреді - қуаныш, қайғы. Кішкентай кезімізде қазақ халқының тарихын күй, халық және ұлттық әндер арқылы білетініміз бізді қуантады, - дейді 7 сынып оқушысы Климентьев Тимур.

         Қазіргі уақытта домбыра кабинеттері Павлодар қаласының 22 білім беру ұйымдарында бар (мектептерде № 1, 7, 17, 18, 19, 14, 25, 26, 28, 29, 30, 31, 34, 36, 37, 41, № 9 мектеп-гимназиясы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы мектептер, Кенжекөл ЖОМ, «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығы, Павлодар қаласының Балалар музыка мектебі). 82 домбыра үйірмесінде 1 - 11 сыныптардың 1250-ден астам оқушылары айналысады.