ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушыларының Астана күнін мерекелеу іс-шараларында қатысуы
03-07-2021 16:00
Қала оқушыларының Астана күнін мерекелеу іс-шараларында қатысуы

Астана күніне арналған іс-шараларға Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің 15000-нан астам балалары қатысты.

1 - 6 шілде аралығында мектеп жанындағы лагерьлердің, Балалар музыка мектебінің, ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері «Астана - менің мақтанышым» челленджі аясында елорда туралы әндер орындады, әлеуметтік желілерде Астана күніне орай бейнеқұттықтаулары бар бейнероликтер орналастырылды.

2 шілде күні «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері «Батл Fest» флешмобына қатысты. Балалар көркемсурет мектебінде «Мен Астананы саламын» атты көрме ашылды. Балалар өз еңбектерінде Астанаға, мыңжылдықтың жаңа қаласына деген сүйіспеншілік пен құрметін білдірді.

3 шілде күні жалпы білім беретін мектептердің мектеп жанындағы лагерьлерінде «Нұр-Сұлтан - Қазақстанның елордасы», «Астана - бейбітшілік, жақсылық және үміт қаласы» фильмдері көрсетілді. Мектеп жанындағы лагерьлердің 1500-ден астам баласы «Туған елордағы  менің рекордтарым», «Нұр-Сұлтан - тәуелсіздіктің жемісі», «Арман қала - Астана», «Аялаған Астана», «Еліміздің жүрегі - Нұр-Сұлтан!». Мектеп жанындағы лагерлердің тәрбиеленушілері арасында жалпы 600-ден астам баланы қамтитын «Асық Fest» асық ату бойынша спорттық жарыстар өтті.

Балалар техникалық мектебі «Ойын Center»  робототехникасының 20-дан астам моделінің тұсаукесерін өткізді, бұл презентацияға аула клубтарының, мектеп жанындағы лагерьлердің 1500-ден астам баласы қатысты.