kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2222849
Бір айда74171
Бір аптада20223
Кеше1569
Тәулік3195
Педагогтардың облыстық байқау дипломанттары
08-07-2021 10:01
Педагогтардың облыстық байқау дипломанттары

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық сайысының облыстық кезеңіне Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының қосымша білім беретін 5 педагог қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 4 педагог жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен Зарина Маратқызы Жапарова, ІІ дәрежелі дипломмен Владислав Юрьевич Ридзаускас, Ирина Валерьевна Ридзаускене, ІІІ дәрежелі дипломмен Сергей Никовлаевич Агалаков марапатталды.

Олар экология, туризм және өлкетану бағыттары бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.

Зарина Маратқызы байқауға «Экология және біз» авторлық білім беру бағдарламасын ұсынды және «Авторлық бағдарлама - 2021» қалалық байқауының біріншілігін растады.

Владислав Юрьевич байқауға «Спорттық туризм» авторлық білім беру бағдарламасын ұсынды. Ол облыстық «Педагогикалық идеялар - 2021» байқауының III дәрежелі дипломанты, қалалық «Авторлық бағдарлама - 2021» байқауының ІІ дәрежелі дипломанты.

   Ирина Валерьевна байқауға «Туристік көпсайыс» авторлық білім беру бағдарламасын ұсынды. «Педагогикалық идеялар - 2020» облыстық байқауының жеңімпазы, «Педагогикалық идеялар - 2021» облыстық байқауының III дәрежелі дипломанты, «Авторлық бағдарлама - 2021», «Үздік педагог - 2021» қалалық байқауының ІІ дәрежелі дипломанты болып табылады.

    Сергей Николаевична байқауға «Туризм - мамандық» авторлық білім беру бағдарламасын ұсынды, «Педагогикалық идеялар - 2020» облыстық байқауының жеңімпазы, «Педагогикалық идеялар - 2021» облыстық байқауының II дәрежелі дипломанты, «Авторлық бағдарлама - 2021», «Үздік педагог - 2021» III дәрежелі дипломанты.

        Бесінші қатысушы - Алма Қадырбекқызы Ермекбаева сертификат иеленді. «Бастауларға саяхат» білім беру бағдарламасының авторы, облыстық «Педагогикалық идеялар - 2021» байқауының ІІ дәрежелі дипломанты, қалалық «Авторлық бағдарлама - 2021» байқауының дипломанты.