ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушыларының жазғы демалысының, сауықтырылуының және жұмыспен қамтылуының қорытындылары
09-09-2021 11:01
Қала оқушыларының жазғы демалысының, сауықтырылуының және жұмыспен қамтылуының қорытындылары

Павлодар қаласының білім беру бөлімі жазғы демалыс кезінде «Шуақты жаз» жобасы бойынша балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды қорытындылады. Жазғы демалыс моделін ұйымдастырудың мақсаты оқушылардың сауығуы, демалуы және жеке дамуы үшін жағдай жасау, жазғы кезеңде панасыздық пен қараусыздықтың алдын алу, жазғы сауықтыру науқаны кезеңінде балалардың қауіпсіз және сапалы демалуы мен сауығуын қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдерді демалыстың әртүрлі нысандарымен, дене шынықтырумен барынша қамту болды.

Жобаны іске асыруды барлық жалпы білім беретін мектептер, қосымша білім беру ұйымдары, мектеп жанындағы лагерьлерге жұмысқа жіберу, мектептен тыс ұйымдардың қызметі, оқушыларды еңбекпен қамтуы жүзеге асырылды. Қала жағдайында балаларды жазғы демалыспен қамту 41320 оқушыны құрады, оның ішінде 12803 - мектеп жанындағы лагерьлерде, 27649 - бейіндік лагерьлерде, 868 - еңбекпен қамту (2019 жылы - 40023 оқушы, 2018 жылы - 36195 оқушы).

Қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жасақтарда 14 - 17 жас аралығындағы 8 - 9 сыныптардың 772 оқушысынан (2020 жылы - 330, 2019 жылы - 607) еңбек жасақтары құрылды. 4 сағаттық жұмыс күні кезінде 15 күннің орташа жалақысы 17,2 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 96 оқушы қала кәсіпорындарында жұмыс істеді. «Жасыл желек» мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскелерінің қалалық байқау-конкурсының қорытындысы бойынша жазғы кезеңде бас жүлдені № 34 ЖОМ, I орынды - № 17 ЖОМ, II орынды - № 25 ЖОМ, III орынды - № 39 ЖОМ, «Үздік оқу - тәжірибе учаскесі» номинациясы бойынша № 6 ЖОМ, «Мектеп жанындағы учаскенің үздік дизайны» номинациясы бойынша № 26 ЖОМ марапатталды. Облыстық байқауда № 17 ЖОМ II орын, № 6 ЖОМ - III орын, «Жасыл оазис» номинациясы бойынша № 39 ЖОМ, «Ертегі елі»  номинациясы бойынша № 26 ЖОМ иеленді.

1 маусым мен 12 шілде аралығында мектеп жанындағы лагерьлерде, 8 мектептен тыс мекемелерде, 17 аула клубтарында күндізгі және 3 мезгілдік тамақпен жұмыс ұйымдастырылды, онда 27000-нан астам балалар мен жасөспірімдер жұмыс істеді (2019 жылы - 26000 оқушы, 2018 жылы - 25000 оқушы). Маусым мен тамыз аралығында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында шектеу шараларын ескере отырып, 10 күн болатын 6 ауысымда 252 оқушы демалды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жолдамалар тегін берілді, әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан оқушыларға жолдамаларды жалпыға міндетті оқу қоры есебінен жалпы білім беретін мектептері сатып алды. 14 жастан асқан жасөспірімдерге Мичурин ауылындағы көкөніс алқаптарында жұмыс істеуге мүмкіндік берілді, 41 оқушы «Балдәурен - Бурабай», «Балдәурен - Қапшағай» республикалық лагерьлерінде демалды.

8 мектептен тыс ұйымдарда 5 - 9 сынып оқушылары үшін бейінді лагерьлер ашылды, 120 дан астам шығармашылық жобалар мен байқаулар өткізілді, оларға 27 мыңнан астам оқушылар қатысты.

Балалар техникалық мектебінде 865 оқушыны қамтитын техникалық және сәндік-қолданбалы шығармашылықтың бейінді жасақтары жұмыс істеді. Балалар музыка мектебінде дәстүрлі «Сириус» мектеп жанындағы күндізгі болу бейіндік лагері жұмыс істеді, онда 146 оқушы қамтылды, Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде 2000 оқушы «Бірлік» бейіндік полилингвалды лагерімен қамтылды. Балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Эко tur» жобасы іске асырылды, онда 3200 оқушы қамтылды. «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының «Жазғы круиз» жазғы жобасын іске асыруға 3200 оқушы қатысты. «Жігер» балалар - жасөспірімдер клубында 3200 оқушының қатысуымен «Оnline каникулы» жобасы, Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде - «Дәстүр life» жобасы іске асырылды, 3200 оқушы бейнелеу шығармашылығының дәстүрлі емес техникасы арқылы туған өлкенің тарихымен таныстырылды. Баянауыл, Қазақстан тауларының Таңбалы петроглифтерінің дәстүрлі және дәстүрлі емес техникалары бойынша шеберлік сыныптарына мектеп жанындағы лагерьлердің 800 баласы қатысты.

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы әлеуметтік-осал топқа жататын балалармен және олардың ата-аналарына, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 90 балаға арналған «Holidai» демалыс күні лагерін ұйымдастырды, ата-аналармен бірге осы лагерьге барды. «Тарих жолдарымен...» көшпелі практикум аясында Павлодар қаласы мәслихаты депутаттарының қолдауымен шілде айында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 43 оқушыға арналған шатырлы лагерь ұйымдастырылды.

«Көңілді демалыс 2021» республикалық жазғы жобасы аясында № 16 лицей-мектебінің оқушылары, мұғалімдері мен ата-аналары «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бірегей, киелі орындарына барды. Павлодар командасының барлық іс-шараларда көрсеткен білімі, іскерлігі, белсенділігінің қорытындысы бойынша топ жетекшісі, лицей-мектебі директорының орынбасары Нуриманова Анастасия Викторовна жобаның бас жүлдесіне ие болды. Жыл сайын № 19 ЖОМ оқушылары, ата-аналары мен педагогтары Баянауыл ауданының аумағындағы, Баянауыл өлкесінің тарихи орындарына барады.

Жазғы демалыс кезеңінде «Шуақты жаз» жобасын іске асыру қызметінің нәтижесі мектеп оқушыларын 100% демалыспен қамту, оларды сауықтыру және жұмыспен қамту, денсаулықты нығайту, әлеуметтік факторлардың теріс әсерін төмендету, кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын болдырмау болып табылады. «Жаз 2021» жазғы жобасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының білім беру бөлімі I орынға ие болды. Павлодар қаласының балалар музыка мектебі «Үздік қосымша білім беру ұйымы» номинациясына ие болды.