ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушыларының Отбасы күніне арналған іс-шараларға қатысуы
17-09-2021 09:24
Қала оқушыларының Отбасы күніне арналған іс-шараларға қатысуы

Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында қыркүйек айында Отбасы күніне арналған жоспарлы іс-шаралар өткізіледі. Мақсаты - отбасының оң имиджін қалыптастыру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді дамыту және насихаттау, отбасылардың шығармашылық және мәдени әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, оларды белсенді әлеуметтік-мәдени қызметке тарту, отбасының тәрбиелік рөлін арттыру.

Мәселен, 6 - 30 қыркүйекте қаланың білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердің 40000-нан астам оқушысының, ата-аналардың қатысуымен сынып сағаттары, байқаулар, челендждер, көрмелер, марафондар, фестивальдар, турнирлер өткізіледі.

Барлық жалпы білім беретін мектептерде 6 қыркүйектен бастап «Менің берік отбасым», «Отбасылық альбомға қараңыз», «Менің отбасым - менің байлығым», «Отбасылық дәстүрлер» сынып сағаттары өтуде, «Елімнің болашағы - салауатты отбасы» челленджі іске қосылды.

1 - 4 сыныптардың 22000-нан астам оқушысы «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» байқауына қатысады. Оқушылар ата-аналарымен бірге «Біздің отбасылық рецепттер», «Менің бақытты отбасым» бейнероликтер байқауларына, «Ең дарынды отбасы» вокалдық байқауына, «Қазақстанның тату шаңырағының астында» мәнерлеп оқу байқауына, «Менің отбасылық ағашым» отбасылық фотосуреттер байқауына қатысты.

17 қыркүйекте Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің оқушылары «Ана жүрегі» концертімен өнер көрсетеді. Балалар көркемсурет мектебі мектеп және көркемсурет мектебі оқушыларының қатысуымен «Отбасым - бақытты мекенім» атты суреттер көрмесін ұсынады. «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы 15 - 26 қыркүйекте «Қасиетті жеті сана - отбасы құдіреті» отбасылық шығармашылық фестивалін өткізеді - отбасындағы дәстүрлер туралы жеті фото, 20 - 30 қыркүйекте «Үздік репортаж» байқауына ата-аналарының жұмыс орнынан «Барлық мамандықтар жақсы» репортаждарын ұсынуы тиіс.

«Күзгі жүгіру жарысы» спорттық марафоны аясында 18 қыркүйекте балалар экология және туризм орталығы балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Анам, әкем, мен - спорттық отбасы» спорттық турнирін өткізеді. «Мерейлі отбасы байқауы аясында қосымша білім беру педагогтары мен ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері Ертіс өзенінің алқабында өтетін «Тату отбасы - мықты ел» фестиваліне қатысады.