ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Тәжірибе бөлісеміз
04-04-2011 09:15

Қаладағы жалпы орта білім беру мектептеріндегі шет тілдері мұғалімдері үшін каникул кезеңдері жемісті болып өтті. Наурыз айының соңында ПМПИ, Гете атындағы тілдер орталығы мен № 39 мектеп аясында қалалық үш семинар өткізілді, олар осы мәжілістерге қатысты. «Межкультурная коммуникация без границ» (ПГПИ), «Работа с текстами на уроках немецкого языка. Формирование навыков чтения». (ЯЦ), «Страноведение на уроках немецкого языка» (сш. № 39) атты тақырыптар семинарлар атауы болып бекітілді.

         ПМПИ ғылыми - әдістемелік ағылшын және неміс тілінің мұғалімдеріне арналған семинарына к.ф.н., проф. Р.Ж. Сауырбаев қатысты. Оның басшылығымен жалпы орта білім беру мектеп жағдайында көптілді дамыту мәселесі талқыланды. 

        Қатысушылар шаралардың практикалық сипатын байқады. Муллагаярова Г.С., Широкова Ж.К., Линнас А.К., Смагулова А.Б., Акылбекова А.К., Рамазанова М.А., Степанова Н.М., Панкова И.М. сынды аға оқытушылар лексикалық және грамматикалық машықтарды қалыптастыру мәселелері бойынша мастер – класттар өткізді, сонымен қатар шет тілдері мен лингвотануды қалыптастыру мәселелері талқыланды.

         Неміс тілі мұғалімдеріне «Deutsch+» жаңа әдістемелік құралдың электрондық тұсаукесері мен ойындық түрде тапсырмалардың практикалық орындалуы ұсынылды.

         РАSCH жобасы аясында орталық өткізіп жатқан әдістемелік семинарлар тұрақты түрде үлкен беделге ие және ұдайы жалпы орта білім беру мектептеріндегі мұғалімдердің жоғары бағасын алады.

         29 наурызда неміс тілінің мұғалімдері өз жетекшілері Елена Кулиничпен бірлесе отырып «Работа с текстами на уроках немецкого языка. Формирование навыков чтения»тақырбы бойынша жұмыс істеді. Мұғалімдер сабақтағы мазмұндаулардың жаңа қалыптарымен танысты.

         № 39 мектептіің неміс тілі мұғалімі А.Н. Колесникова  Германияда біліктілік арттырып, облыстық мұғалімдер олимпиадасының жеңімпазы боп танылды, сонымен қатар неміс тілі мұғалімдеріне арнап «Страноведение на уроках немецкого языка» тақырыбы бойынша  практикалық семинар өткізді.

          Семинарға қатысушылар Берлин», «Молодёжная культура в Германии» тақырыптары бойынша тіл үйренудің тиімді жаңа қалыптарымен танысты. Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты, тәжірибе бөлісіп, заманауи технологиялар мен таратылған дидактикалық материалдарға ие болды.

Аталған шараларды өткізудің құнды өзегі ретінде тілдік практика болды (семинарлар тек қана шет тілдерінеде өткізілді) және ондағы шығармашылық, жайлы атмосфера қолайлы әсер етті.

         Неміс тілі мұғалімдеріне сертификаттар табысталды.

 

                                         Алейник Л.А.,  Павлодар қ. білім беру бөлімінің әдіскері