ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балабақшада заманауи кабинеттің ашылуы
24-09-2021 14:56
Балабақшада заманауи кабинеттің ашылуы

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодар қаласының № 8 балабақшасында «Бір шаңырақ аясында» - «Под единым шаныраком» кабинеті ашылды. Кабинетті ашудың мақсаты - балалардың танымдық қабілеттерін, шығармашылыққа қызығушылығын дамыту, сыни ойлауды, патриоттық тәрбиені қалыптастыру, өз елінің дәстүрлері мен мәдениетіне, тұрмыстық заттарға, мәдени мұраға құрметпен қарау үшін заманауи технологиялар мен жұмыс әдістерін пайдалану.

   Кабинет түрлі дамытушы және дидактикалық ойындармен жабдықталған. Кабинетте «Дьенеш блоктары», «Монтессори», «Кюизинер таяқшалары», «Құм терапиясы», «Луллия сақиналары», «Су-Джок», «Ертегі терапиясы», «Дидактикалық ойындар», «Бір шаңырақ аясында» атты 9 бұрыш бар. Барлық тоғыз бұрыш заманауи жабдықтармен жабдықталған.

   Материалдық-кеңістіктік орта қауіпсіз, қол жетімді, мағыналы, көп функциялы, барлық жастағы балалар үшін тартымды. Кабинетте 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жүргізіледі.

    - Кабинеттің ашылуында балабақша педагогтары үлкен шығармашылық жұмыс жүргізді. Оқу-тәрбие жұмысында «Дидактикалық ойындар арқылы балаларды қарым-қатынасқа үйрету», «Ертегі терапиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік қабілеттерін дамыту», «Монтессори әдісі бойынша балалардың танымдық қабілеттерін дамыту», «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін Кюизинер таяқшасымен қалыптастыру», «В. В. Воскобовичтің ойын технологиялары арқылы қоршаған ортамен танысу», «Луллий шеңбері әдістемесі бойынша балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту», «Дьенеш блоктарының көмегімен балалардың сөздік қорын толықтыру» сияқты 7-ден астам шығармашылық бағдарламалар мен құралдар пайдаланылады. Балабақшада 1 - 6 жас аралығындағы 194 бала тәрбиеленуде. Бұл бөлмедегі ойындар балаларға өте қызықты. Олар тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды, кабинетке көтеріңкі көңіл - күймен келеді, - дейді балабақша басшысы Жетпіс Маржангүл.