ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас мамандардың кәсіби-тұлғалық қалыптасуы
06-10-2021 10:33
Жас мамандардың кәсіби-тұлғалық қалыптасуы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 36 ЖОМ педагогикалық ұжымымен бірлесіп «ПроЛС» клубының (жас маманның кәсіби-тұлғалық қалыптасуы) отырысын өткізді. Онлайн режиміндегі отырыста «Жас мамандар сабағындағы педагогикалық қателіктерді жою тәсілі ретінде сабақты бақылау бағдарламасы» атты семинар өтті. Семинарға жоғары оқу орындары мен колледждерді бітіргеннен кейін бірінші жыл жұмыс істейтін қала мектептерінің 80-нен астам жас мамандары қатысты.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері, «ПроЛС» клубының жетекшісі Нұрахметова Шолпан Саменқызы тәлімгерлік туралы, кадрлық әлеуетті дамыту құралы ретінде, жас мамандардың тәлімгерлермен жұмыс істеуде бейімделу және қалыптасу кезеңінде құжаттаманы жүргізу туралы сұрақтар бойынша сөз сөйледі.

Семинарда № 36 мектептің жас мамандарының тәлімгерлері, зерттеуші-мұғалімдер модератор болды. Директордың орынбасарлары Копыльцова Надежда Владимировна, Береснева Ольга Юрьевна жас мамандар сабағындағы педагогикалық қателіктерді жою, сабақтың мақсаттарын іске асыру, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша сабақты бақылау бағдарламалары туралы түсінік берді. Ағылшын тілі мұғалімі Турий-Ладыко Александра Игоревна сабақтарда өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша «Жас маманның қызметін әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбымен сөз сөйледі, математика мұғалімі Садуақасова Мәншүк Қасенқызы оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жоюды тексеру бойынша презентация-практиканы өткізді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зорина Наталья Леонидовна кітаппен жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдері, оқу сауаттылығын қалыптастыру туралы презентация-практика өткізді. Педагог-психолог Татьяна Сергеевна Фирсова «Эмоционалды күйзелісті қалай болдырмауға болады» тақырыбында ұсыныстар берді. «ПроЛС» клубының сабағын ZOOM режимінде техникалық сүйемелдеумен информатика мұғалімі Садбекова Екатерина Викторовна жүргізді. Аталған сабақтың материалдары электронды-әдістемелік дайджесте орналастырылды.

Биылғы оқу жылында қала мектептеріне жоғары оқу орындарының, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің түлектері арасынан 128 жас маман келді. Жас мамандармен жұмыс істеу үшін қала мектептерінде тәлімгерлік мектептері ұйымдастырылды, оларға 120 зерттеуші-мұғалімдерден, 6 шебер-мұғалімдерден 126 тәлімгер бекітілді. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінде 12 жыл бойы «ПроЛС» клубы жұмыс істейді. Клуб отырыстарында мектеп құжаттарын жүргізу, пән мұғалімінің портфолиосын толтыру, сабақты құру әдістемесі, сабақты өзіндік талдау, сабақ жоспарларын жазу, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және ата-аналармен жұмыс мәселелері талқыланады. Сабақтар коучинг, тренинг, семинар-практикум, іскерлік ойындар түрінде өтеді.