Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің еңбек ұжымымен кездесу
07-10-2021 12:20
Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің еңбек ұжымымен кездесу

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Г. А. Жұмагелдиева Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің еңбек ұжымымен - «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің бас жүлде жеңімпазының дипломымен кездесті. 2021 жылдың 25 қыркүйегінде Түркістан қаласындағы оқушылар сарайында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебі «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық байқау-конкурсына белсенді қатысқаны үшін «Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Алғыс хатымен марапатталды.

Мектеп өзінің педагогикалық қызметімен бірегей, республикалық деңгейде оқу үдерісінің көшбасшысы болып табылады.

Оқушылар үшін 293 компьютер, 3 шеберхана, 3 компьютер сыныбы, 6 мультимедиялық кабинет, робототехника кабинеті және шахмат кабинеті, IT-кабинет, teacher offise, 3 зертхана, спорт залы, 468 орындық асхана, медициналық және емшара кабинеттері, психолог және әлеуметтік педагог кабинеттері бар, 23 интерактивті тақта орнатылған, кітапхана қоры мен оқу залы бар кітапхана, коворкинг орталығы бар.

Д. К. Дүйсенованың төрағалығымен Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы өз құрамында барлық педагогикалық ұжымды біріктіреді.

Кездесу аясында қатысушылар лицей-мектептің педагогтары таныстырған жаңа кәсіподақ жобаларымен танысты: Ж. Ж. Жақсылықова «Үздік тәлімгер 2021» жобасын, А. Б. Серікбаев «Жас мұғалімдер мектебіндегі кәсіподақ өмірі» жобасын, Г. Е. Казкенова «Әлеуметтік-білім беру коллаборациясы: мектеп-кәсіподақ ұйымы» жобасын таныстырды.

Кездесу қатысушыларының назарына 2021 жылы ашылған, музыкалық аспаптармен және ән стендтерімен жабдықталған музыкалық кабинет ұсынылды.

Лицей-мектепте педагогтардың жұмысы мен демалуына жағдай жасау үшін коворкинг орталығы ашылды, ол үш аймаққа бөлінген: жұмыс аймағы, онда педагогтар компьютерлермен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етумен сабақтарға дайындалады, педагогтар «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңымен, ұжымдық шартпен таныса алатын ақпараттық аймақ, педагогтердің демалуы үшін жағдайлар жасалған демалыс аймағы.

Кездесу қатысушыларының назарына автокөлік жүргізу ережелерін зерделеу бойынша қажетті жабдықтармен және жаңа кәсіптер атласынан алынған мәліметтермен жабдықталған кәсіби бағдар кабинеті ұсынылды.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ қалалық филиалының төрайымы С. Ш. Сеитова Павлодар қаласындағы білім беру саласының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы туралы фильмнің тұсаукесерін айтып берді.

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Алғыс хатымен марапатталды.

«Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің басшылығы мен кәсіподақ ұйымының әлеуметтік серіктестерінің үйлесімді жұмысының арқасында педагогтардың жұмысы мен демалысы үшін жағдайларды ұйымдастыру мәселелері шешілуде, бұл мекеме деңгейіндегі әлеуметтік серіктестіктің мақсаты», - деп алғысын білдірді Г. А. Жұмагелдиева.