Павлодар қаласы білім беру бөлімімен 2021 жылдың 6 қазанында «КТБ есебінде тұрған, мектепішілік бақылауда тұрған, тәуекел тобындағы девиантты мінез-құлықты оқушылармен педагог-психологтың жұмыс жүйесі» семинары өткізілді. Мақсаты - педагог-психологтардың жұмысына жеке жұмыс, топтық жұмыс, ата-аналармен бірлескен жұмыс, әлеуметтендіру мақсатында оқушыларды түрлі тәрбиелік жобаларға тарту бойынша әдістемелік көмек көрсету және стандартты тәсілдерді әзірлеу. Аталған шараға облыстың 123 психологы қатысты.
Семинардың модераторлары ретінде қаланың жалпы білім беретін мектеп психологтарының жұмыс тобы сөз сөйледі. № 29 ЖОМ педагог-психологы Стулова Ольга Витальевна әдістемелік ұсынымдарымен, девиантты мінез-құлықты оқушылармен жұмысқа жүйелі көзқарас туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол жеке карталармен қалай жұмыс істеу керектігін, диагностиканың қандай түрлерін жүргізу және олардың нәтижелерін пайдалану, осы санаттағы балалармен сабақта қандай жұмыс әдістері қолайлы екенін түсіндірді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар әдістемелік материалдармен алмасты.