Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық футболшылардың облыстық жарыстардағы біріншілігі
11-10-2021 10:01
Павлодарлық футболшылардың облыстық жарыстардағы біріншілігі

 

Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасы аясында футболдан облыстық жарыстар өтті. Облыстың  жалпы білім беретін мектептерінің 7 - 8 сыныптарынан 180 жасөспірім мен қыздардан тұратын 18 команда қатысты.

Қарсыласу қорытындысы бойынша 3 жүлделі орын арасында Павлодар қаласының № 25 ЖОМ қыздар командасы жеңімпаз атанды. Команда құрамында 7 сынып оқушылары Орымбай Асем, Кайыргельдинова Алина, Саулебаева Елдана, Каратаева Сабина, Мажитова Еркежан, 8 сынып оқушылары Балжанова Томирис, Ертай Елсиор, Байдильдина Нурия, Анафина Самира, Әкімтай Әйгерім.

- Мен бұл командамен олар бастауыш сыныптарда оқыған кезде айналыса бастадым. Жаттығу барысында баскетбол мен футболдың жаттығулары мен элементтерін бірдей қолдандым. Бірнеше рет баскетболдан қалалық және облыстық турнирлерді жеңіп, республикалық жарыстарға қатыстық. Сондай-ақ, менің тәрбиеленушілерім Саулебаева Елдана, Ертай Елсиор, Байдильдина Нурия облыстық футбол командасының құрамында. Футболдың үшінші сағатын енгізу барысында мен Қазақстан футбол федерациясы өкілдерінің қатысуымен облыстық білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығымен бірлесіп өткен республикалық семинар аясында ашық сабақ өткіздім, - дейді команданың жаттықтырушысы, мектептің дене шынықтыру мұғалімі Омаров Серік Тоқтайұлы.

- Біздің мектеп  қыздар арасындағы футболдан алғаш рет облыстық мектептер арасында жеңімпаз атанды. Енді Шымкент қаласындағы республикалық жарыстарда облыс намысын қорғайтын боламыз.

Команданы дайындау және қыздардың көңіл-күйі бойынша лайықты өнер көрсетуі тиіс, - дейді мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы Ермек Мұхтарұлы Әубәкіров.

Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық білім басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік  дене шынықтыру орталығының кубоктарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.