kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2238257
Бір айда217242
Бір аптада42706
Кеше8105
Тәулік489
Павлодарлық педагог-дефектолог «Көшбасшы педагог - 2021» атағына ие болды
11-10-2021 15:36
Павлодарлық педагог-дефектолог «Көшбасшы педагог - 2021» атағына ие болды

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы «Көшбасшы-педагог - 2021» атты Қазақстан мұғалімдерінің педагогикалық жетістіктерін айқындауға арналған республикалық байқаудың қорытындысын шығарды.

«Көшбасшы педагог - 2021» атағын иеленген Қазақстан педагогтерін марапаттау рәсіміне қатысу үшін Павлодар қаласының № 6 ЖОМ инклюзияны қолдау кабинетінің педагог-дефектологы, педагог-зерттеуші Айгүл Жылқыбайқызы Джумадиева да шақырылды. Айгүл Жылқыбайқызы мәртебелі байқаудың ұлттық сыйлығының жеңімпазы деп танылып,  «Көшбасшы-педагог - 2021» атағының иегері болды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының, «Экология, инженерия және педагогика ғылымдары Халықаралық академиясы» Қоғамдық Қорының арнайы төсбелгімен, І дәрежелі дипломмен, сертификатпен және грамотамен марапатталды.

Марапаттау рәсімі 2021 жылдың 9 қазанында Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Мұғалім күніне орайластырылған айтулы шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты.

Жалпы, ұлттық байқауға 1300 педагог қатысты, соның ішінде марапаттау рәсіміне Қазақстанның әр түкпірінен 130 педагог шақырылды. Мұғалімдердің педагогикалық жетістіктерінің конкурсы білім беру мекемелерінің беделін арттыру, республиканың білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибені және жаңа технологияларды анықтау және танымал ету мақсатында өткізіледі. Байқау 2021 жылдың шілде айында өтті, қатысушылар өздерінің педагогикалық жетістіктері топтастырылған портфолио мен фотосуреттерін, сонымен қатар «Менің педагогикалық қызметім» тақырыбында жазылған эссе ұсынды.