kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2238257
Бір айда217242
Бір аптада42706
Кеше8105
Тәулік489
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздерін қалыптастыру
12-10-2021 09:37
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздерін қалыптастыру

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  облыстық «Адал ұрпақ» слетінің қалалық кезеңі  өткізілді. Мақсаты - қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жоғары адамгершілік, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік-құзыретті азаматты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздерін қалыптастыру, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиеге бағытталған шараларды іске асыру. Қаланың 18 жалпы білім беретін мектептерінің 5 - 11 сыныптарынан 164 оқушы қатысты.

Слет шарты бойынша оқушылар «Жемқорсыз өмір - Адал өмір» байқауына  қатысты - мектепке іргелес шағын аудан тұрғындарымен «Адал ұрпақ» ерікті клубының жұмысы туралы бейнероликтің презентациясы, «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ» - агидбригад байқауы, «Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесі» - өздерінің шығармашылық жұмыстарының презентациясы.

Слет қорытындысы бойынша № 34 ЖОМ «Парасатты ұрпақ» командасы  Бас жүлде  иегері және «Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесі» атты бейнеролик презентациясы үшін слеттің облыстық кезеңіне қатысу құқығына ие болды. Қатысушылар медициналық института   емтихан тапсыру кезінде пара алғаны туралы бейнеролик ұсынды. Осыдан кейін студент тиісті білім алмай, адам өмірін сақтап қалу үшін тиісті шаралар қолдана алмады. Агидбригад байқауында қатысушылар өздерінің жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын білдіріп, «Жақсылық жолымен» әнін орындады. Шығармашылық  жұмыстың  презентация  байқауына  өз мектебіміздің «Адал ұрпақ» клубының қызметі туралы ақпараттық есеп пен буклет ұсынылды.

I орынды Кенжекөл ЖОМ «KJK Team» командасы иеленді. Бейнероликтер байқауында қатысушылар «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?», «Сіз сыбайлас жемқорлыққа қалай қарайсыз?», «Сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болдыңыз ба?»  тақырыбына  сюжет ұсынып, шағын аудан тұрғындарынан  сұхбат алды.  Лауазымды тұлғаның кәмелетке толмағаннан пара алғаны туралы бейнеролик көрсетілді. Байқауда   агидбригад   сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы өз шығармасын орындады.

II орынды № 20 мектеп-лицейдің «PRO 100 20» және № 28 ЖОМ «Оптимистер» командалары иеленді. III орынды № 16 мектеп-лицейдің «Адал ұрпақ», Б. Момышұлы атындағы ЖОМ «Адал ұрпақ», № 25 ЖОМ «Юниор» және № 29 ЖОМ командалары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталды.