ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық жас тарихшылар байқауының қорытындысы
13-10-2021 09:06
Облыстық   жас тарихшылар байқауының қорытындысы

Белгілі педагог-ағартушы, Қазақстандағы халықтық білім берудің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына арналған «Менің кіші Отаным» ІV республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Жас тарихшылар байқауы 2021 жылдың 11 қазанында онлайн режимінде өтті. Облыстың мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінің 9 - 10 сыныптарының 87 оқушысы, 4 бағыт бойынша аудандық және қалалық турлардың жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының № 17, 2, 9, 19 мектептерінің 4 оқушысы қатысты. Естеріңізге сала кетейік, байқаудың қалалық кезеңі 2021 жылдың 27 қыркүйегінде өтті.

Ереже талаптары бойынша қатысушылар І турда Қазақстан тарихы сұрақтары  бойынша  тестілеуден өтті, одан кейін ІІ турда «Менің кіші отанымның тарихы» бейнематериалын, «Кіші отанымның символы» бейнематериалын, «Менің кіші отанымның болашағы» макетін өткізді, «Менің туған өлкем» тақырыбына эссе жазды.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 4 қатысушыдан  3 оқушысы  жүлделі орындарға  ие  болды.

ІІ орынды «Кіші отанымның символы» номинациясы  бойынша   № 2 ЖОМ 10 сынып оқушысы Макарова Камила иеленді және ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

ІІІ орынды «Менің кіші отанымның тарихы» номинациясы бойынша № 17 ЖОМ 10 сынып оқушысы Готфрид Артур, «Менің кіші отанымның болашағы» номинациясы бойынша № 9 гимназия-мектебінің 10 сынып оқушысы Сұлтанбеков Бекзат иеленді. Олар III дәрежелі дипломдармен марапатталды.