kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2238295
Бір айда217280
Бір аптада42744
Кеше8105
Тәулік527
Еркін күрестен аудандық біріншіліктің жүлдегері
13-10-2021 09:20
Еркін күрестен аудандық біріншіліктің жүлдегері

 Павлодар қаласының № 24 ЖОМ 4 сынып оқушысы Бекетай Әбілмансұр Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған еркін күрестен Павлодар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігіне қатысып, III орынге иегер болды.

Әбілмансұр 6 жасынан бастап ағаларымен бірге спортпен шұғылдана бастады. Еркін күреспен осы жылдан бастап мектеп секциясында айналыса бастады. Ол спорт шеберіне үміткері, дене шынықтыру мұғалімі Сағындықов Айдар Ғабидоллаұлы жүргізетін секцияда жаттығады.

Мектепте ол өте жақсы оқиды. Кітап оқумен, әсіресе қазақ көркем әдебиетімен әуестенеді, жақсы шешен. Мектеп іс-шараларына белсенді қатысады. Спортта жаңа жеңістерге жетуді жоспарлап отыр. Еркін күреске қосымша қазақша күрес әдістері оқытылады.