Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Парктік жүгіру арқылы спорттық бағдарлау бойынша павлодарлықтардың жетістігі
14-10-2021 09:46
Парктік жүгіру арқылы спорттық бағдарлау бойынша павлодарлықтардың жетістігі

2021 жылғы 7 - 12 қазан күндері аралығында Нұр- Сұлтан қаласында парктік жүгіру арқылы спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Чемпионаты өтті. Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан 7 - 50 жас аралығындағы 200-ден астам бағдаршылар қатысты. Павлодар облысының командасы атынан, құрамында 9 - 18 жас аралығындағы, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм клубы «СЮТур» БАК тәрбиеленушілері - 11 жас турист, «Вертикаль» туристік клубының педагогы қатысты. Турнирдің  ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қазақстан Республикасының «Спорттық бағдарлау Федерациясы» ҚБ, Нұр-сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы болып табылады.

Жеке біріншілікке арналған  чемпионат 7 жас санаты бойынша өтті. Чемпионат бағдарламасы бойынша қатысушылар ұзындығы мен техникалық күрделілігі әртүрлі «Қысқа», «Орта», «Спринт», «Бір қатысушының эстафетасы» қашықтықтарында жарысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша «Қысқа» дистанциясында I орынды № 9 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы - Виткова Дарья, «Бір қатысушы эстафетасы» дистанциясында III орынды № 9 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы - Софийская Анастасия, «Қысқа» дистанциясында Қазтұтынуодағы Павлодар Жоғары экономикалық колледжінің студенті - Регинтовская Регина иеленді. «Вертикаль» клубының жетекшісі Дьяченко Оксана Владимировна 3 қашықтықта - «Спринт», «Орта», «Қысқа» - І орынға ие болды. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дипломдарымен марапатталды.