ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ядролық қарусыз әлем жас суретшілердің көзімен
14-10-2021 09:48
Ядролық қарусыз әлем жас суретшілердің көзімен

Жаһандық антиядролық қозғалыстағы Қазақстанның рөлі туралы білім алушылардың білімін кеңейту және тереңдету мақсатында «Ядролық қарусыз әлем өскелең ұрпақтың көзімен» республикалық қашықтық байқауы өткізілді. Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған байқаудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозок» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы болып табылады. Байқау 2021 жылғы 2 тамыз - 6 қыркүйек аралығында жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өтті. Байқауға барлығы 226 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 15 оқушысы.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: «Мен Әлем сөзін саламын!» - суреттер байқауы, «Ядролық қарусыз әлем» - анимациялық фильмдер байқауы, «Ядролық қарусыз әлем үшін» - эссе байқауы.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 2 оқушысы «Мен әлем сөзін саламын» номинациясында жүлделі орындарға ие болды. I орынды «Біз соғыссыз әлем үшін!» сурет үшін Вероника Горбатенко, 12 жаста, ұстазы Инна Владиславовна Масленникова, ал II орынды «Ашық аспан астында» суреті үшін Алия Беген, 15 жаста, иеленді, ұстазы Раиса Петровна Степанко.

- Менің суретімнің мақсаты балалық шақтың жарқын ғажайып әлемінің бейнесі болды, ал ересектер бұл суретке қарап, оны ешқандай жарылыстар мен бомбалармен бұзғысы келмеуі еді,  - дейді Вероника өзінің жұмысы туралы.