ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ғылыми - әдістемелік кеңесі туралы
14-10-2021 08:52

Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 15 қазанда «Оқушылардың  функционалдық сауаттылығын арттыру және тілдік құзыреттілігін жетілді» тақырыбында қалалық   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  форум негізіндегі ғылыми-әдістемелік кеңесін өткізеді.

Павлодар қаласының мектептерінен 100-ге жуық қазақ тілі мұғалімдері ғылыми-әдістемелік кеңес жұмысына  онлайн-форматта қатысады.

Мақсаты педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Нәтижесі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін айқындау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда желілік қоғамдастықтың мүмкіндіктерін пайдалану, оқушылардың  функциональдық сауаттылығын арттыру және тілдік құзыреттілігін жетілдіру.

Ғылыми - әдістемелік кеңестің спикерлері:

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы, мұғалім-шебер - Самал Оспанқызы Айтқазина.

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Торайғыров университеті» КеАҚ «Үштұғырлы тіл» кафедрасының меңгерушісі - Айман Файзуллақызы Зейнуллина.

ИнЕУ «Филология және журналистика» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторын - Имамбаева Ғайша Ертайқызы.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы облыстық «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының бас редакторы - Асыл  Әлімжанұлы Әбішев.

Павлодар қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаттан тыс кеңесшісі - Жанғазы Еркеғали Жұмабайұлы.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ ЖжГ ПОӘ  кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық сертификатталған тренер, педагогика ғылымдарының магистрі - Ертісхан Өміргүл.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Шәрбат  Төлеуқызы  Жумадилова қатысады.

Павлодар қалалысы білім беру бөлімі