ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар оқушылары Мағжан шығармалары мен өмірбаяны жөнінде білімдерін көрсетті
14-10-2021 16:19
Павлодар оқушылары Мағжан шығармалары мен өмірбаяны жөнінде білімдерін көрсетті

Онлайн режимде ZOOM платформасында 2021 жылғы 13 қазанда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен   Мағжан оқуларының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - поэзияға деген қызығушылықты арттыру, поэтикалық сөздің күші мен қуатын  білу, өз пікірін ғылыми тұрғыдан білдіру дағдылары. Қаланың 30 жалпы білім беретін мектептерінің 5 - 10 сыныптарынан 68 оқушы қатысты.

Байқаудың ережесі бойынша қатысушылар үш бағыт бойынша ақынның өлеңдерін жатқа оқып, өз шығармаларын оқыды, Мағжанның өмірі мен шығармашылығына арналған жобаларды қорғады.

Оқу қорытындысы бойынша 28 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 3 (№ 37, 38 ЖОМ, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ), ІІ орын - 8 (ЖОМ № 2, 17, 18, 25, 35, 37, 40, Кенжекөл ЖОМ), ІІІ орын - 17 (ЖОМ № 1, 5, 19 (2), 21, 28 (2), 31 (3), 38 (2), 39, 40, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Кенжекөл ЖОМ).

«Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытында - ақынның «Мен жастарға сенемін», «Жер жүзіне», «Түркістан», «Қойшының әләуләйі» атты 15 шығармасын жатқа оқу. І орынды № 38 НОМ 9 сынып оқушысы Хавалхаг Ғазиз иеленді. Ол Абай оқулары қалалық байқауының (гран-при) иегері, ІІ орын - облыстық, алғыс хат - республикалық, Махамбет оқуларының жеңімпазы, Жамбыл оқуларының жүлдегері, «Жас толқын» республикалық ән байқауының гран-при иегері.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмытылған» бағытында - «Қалижан атаға тағзым» атты өз шығармаларын жатқа оқу, І орынды Қ. Бекхожин атындағы 10 сынып оқушысы Орымбай Шынболат иеленді. Ол Қазақстан тарихы пәні бойынша республикалық ғылыми жұмыстар байқауы  қалалық кезеңінің жүлдегері, «Мәшһүр оқулары», «Мағжан оқулары» қалалық байқау оқуларының  жеңімпазы.

«Толқынмен толқын  сырласып...» - Мағжанның шығармалары бойынша зерттеу жобасын қорғау, «М. Жұмабаев поэзиясының көркем сипаты» жұмысы үшін № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Жилкимова Гүлжәйнат I орынға ие болды. Ол «Ақбота» байқауы қалалық кезеңінің жүлдегері.

Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары 15 қазан күні облыстық кезеңге қатысады