ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептеріндегі жас футболшылардың жетістіктері
15-10-2021 10:02
Қала мектептеріндегі жас футболшылардың жетістіктері

   Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен Павлодар балалар футболының ардагері Александр Александрович Клопковты еске алуға арналған шағын футболдан қалалық турнир өткізді. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 2009 - 2010 жылдары туылған 290 оқушысынан тұратын 29 команда қатысты.

   Турнир қорытындысы бойынша I орынды №34 ЖОМ командасы, II орынды №16 лицей-мектебінің командасы, III орынды №24 ЖОМ командасы иеленді.

   Турнир тартысты өтті, командалар қызықты ойын көрсетті. № 34 мектеп командасы қарсыластарымен ойында 54 гол соғып, бар болғаны 2 гол жіберіп алды. 5-сынып оқушысы Заречный Давид «Үздік ойыншы» атанды, 4-сынып оқушысы Кравцов Евгений «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды.

   №16 лицей-мектебі командасының екі ойыншысы «Үздік ойыншы» номинациясында 6-сынып оқушысы Бегжанов Шыңғыс, «Үздік қорғаушы» номинациясында 6-сынып оқушысы Герасименко Максим марапатталды.

   №24 мектеп командасының ойыншысы, 6 сынып оқушысы Ағыбаев Алихан «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды.

   Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, номинанттар Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамотасымен марапатталды.