ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық мектеп оқушылары мемлекеттік тілде өз білімдерін тексерді
15-10-2021 15:23
Павлодарлық мектеп оқушылары мемлекеттік тілде өз білімдерін тексерді

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн режимінде 2021 жылдың 14 қазанында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Өнер алды - қызыл тіл» сайысының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - жалпы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тілде сөйлесу арқылы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Қаланың 28 жалпы білім беру мектептерінен өзге ұлт өкілдерінің 9 - 11 сыныптың 38 оқушысы қатысты.

Қатысушылар мемлекеттік тілде өздері туралы айтты, 2021 жылдың мерейтой күндерге арналған көркем шығармаларды жатқа оқыды, ұлттық киімде орындады.

13 оқушысы байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оның ішінде бірінші орын - 1 қатысушы, екінші орын - 3, үшінші орын - 9, 5 - номинант.

Бірінші орынды № 5 ЖОМ 9 сынып оқушысы Чырмышбаева Алина иеленді. Ол мемлекеттік тілді жетік және сауатты меңгерген. Байқауда ол өзі туралы айтып берді, Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық ...» өлеңдерін жатқа оқыды, викторинада тілді білетінін көрсетті, әңгімесінде әр адам өзіне тән туыстық тамырын білу және оның тарихи жерінде атақты ұстаз Ы. Алтынсариннің өмір сүріп және жұмыс жасағаны үшін мақтан ету. - Ы. Алтынсарин үйреткен бір-біріне төзімді, білімді, шыдамды болу әлі де өзекті болып табылады, - деп атап өтті Алина. Ол 2020 жылы қазақ тілінен пән олимпиадасының жеңімпазы, 2021 жылы өткен «Менің елім», «ХХІ Сәтбаев оқулары», «Тіл - тәуелсіздік тұғыры» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпазы.

II орынды 9 сынып оқушылары Аделин Граблева (№ 5 мектеп), Кулчицкая Зарема (№ 28 мектеп), Анастасия Карташова (№ 43 мектеп) иеленді. III-орынды 9-сынып оқушылары Карина Чижова (№ 2 ЖОМ), Рослякова Хава (№ 14 ЖОМ), Николай Голубничий (№ 16 лицей-мектебі), Агелиева Наиля (№ 18 ЖОМ), Авазова Сабина (№ 27 ЖОМ)), Ляхова София (№ 41 мектеп), Рубан Арина, М. Әлімбаев атындағы орта мектеп, 10 сынып оқушылары Кристина Редько (№ 20 лицей-мектебі), Есмуханова Арина (№ 33 ЖОМ). иеленді.

«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» номинациясы бойынша 10 сынып оқушылары Нелия Шукуралиева (№ 5 ЖОМ), Качанко Эвелина (№ 11 ЖОМ), Бурлакова Татьяна (№ 14 ЖОМ), Свидерская Софья (№ 17 ЖОМ), № 23 ЖОМ 9 сынып оқушысы Половинко Татьяна ие болды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар Павлодар дарыны орталығының сертификаттарына ие болды. Байқау жеңімпаздары 21 қазанда облыстық кезеңге қатысады.