ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Мағжан оқуларының жеңімпаздары
19-10-2021 12:17
Облыстық Мағжан оқуларының жеңімпаздары

«Мағжан оқулары» республикалық конкурсының ХІ облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептерінің 5 - 10 сыныптарының 57 оқушысы, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 3 оқушысы қатысты. Оқулар 2021 жылдың 15 қазанында онлайн режимде ZOO платформасында бейнеконференция байланысы  арқылы өтті.

Ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын білу конкурсы үш бағыт бойынша өткізілді. Жас дарындар ақынның өлеңдері мен жеке шығармаларын жатқа оқыды, жас зерттеушілер М. Жұмабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған ғылыми жобаларды қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 3 қатысушысынан, 3 бағыт бойынша қалалық оқу жеңімпаздары, 2 қатысушы жүлделі орындарға ие болды және олар республикалық оқу кезеңіне қатысады.

«Ақын да бір бала ғажайып» номинациясында  І орынды - жас ақындар сайысында Павлодар қаласының К. Бекхожин атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы Орынбай Шынболат иеленді және І дәрежелі дипломмен марапатталды. Шынболат «Мағжанға арнау» өлеңін жатқа оқыды, бұл ретте сауатты, мәнерлі, әртістік дағдыларын  көрсетті. Оқудан бос уақытында ол информатика және ағылшын тілі үйірмелеріне қатысады.

№ 38 НОМ 9 сынып оқушысы Хавалхаг Газиз «Өлең - менің жасым, Айым, Күнім» номинациясы бойынша ақынның шығармаларын жатқа мәнерлеп оқып ІІІ орынды иеленді және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғазиз «Мен жастарға сенемін», «Абақтыдан шыққанда», «Туған жер» шығармаларын жатқа оқып, 14 шығарманы жатқа білетінін, қазақ әдебиетін оқып, қазақстандық жазушылардың шығармашылығын оқып жатқанын көрсетті.