Өскемен қаласында 17 қазан күні «VOSTOK-OPEN 2021» спорттық би бойынша ашық турнир өтті. Жас павлодарлық бишілер Нұрасыл Қанат пен Інжу Рахым, Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы мектептің 5-сынып оқушылары «Е» класының 2 ювеналдар санатында жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар Шығыс Қазақстан облысы би спорты федерациясының, Қазақстанның спорттық би федерациясының, турнирді ұйымдастырушылардың кубогымен, дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.
- Барлық білетін нәрселерімізді көрсетуге тырыстық. Басқа қалалардан келген жұптар да өте жақсы өнер көрсетті. Бірақ біз жақсы дайындалдық және өзімізді жақсы көрсеттік, - дейді Нұрасыл Қанат.
Нұрасыл мен Інжу бес жасынан бастап Павлодар қаласының «Классик» спорт клубында Алексей мен Татьяна Веригидің жетекшілігімен бимен айналысады. Содан бері жұп көптеген ұлттық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері болды. Өткен жылы бишілер Нұрсұлтан қаласында өткен Bayterek Winter Cup 2020 халықаралық спорттық би турнирінде жасөспірімдер арасында I орын алды.