ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жасыл мектеп» жобасы аясында 36 шыршаның салтанатты отырғызылуы туралы
25-10-2021 17:26

29 қазан 2021 жыл сағат 10. 00-де Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ (Шевченко,1), инстаграм парақшасы@pvl.sh36 халықаралық жобасын мерекелеу құрметіне 36 шыршаның салтанатты отырғызылуы өтеді. 2021 жылдың мамыр айында Қазақстандағы Франко-Герман альянсы жариялаған «Қоршаған ортаны қорғау бойынша үздік жергілікті бастама» байқауында № 36 мектеп 1000 еуро ұтып алды. 2021 жылғы 29 қазанда оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер Қазақстандағы Франко-Герман альянсының қаржылық қолдауы есебінен 30 шырша және «Макулатура жинап, ағаш отырғыз!» акциясы аясында макулатура жинаудан түскен қаражатқа 6 шырша отырғызады.

Жоба идеясы: Мектеп аумағында жыл сайын шырша отырғызу дәстүрі мектеп оқушыларының арасында «Күн шатыры» экологиялық жобасын жүзеге асыру барысында пайда болды, оның мақсаты мектеп шатырына күн батареясын орнату болды. «Күн шатыры» жобасы мектептің «Қоршаған ортаны қорғау» мәселесін шешудегі ең үздік жетістіктерінің біріне жатады және табысты ұзақ мерзімді жобаларды ұйымдастыру және жүргізу үшін тамаша үлгі болып табылады.

     «Жасыл мектеп» жобасының идеясы мектептің бастамасы бойынша макулатура жинау және шағын ауданда тұратын адамдардың назарын мектеп бақшасына аудара отырып, оны көгалдандыру болып табылады.

  Павлодар облысы білім беру басқармасы