ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектеп оқушыларының күзгі демалысы
29-10-2021 11:24
Қала мектеп оқушыларының күзгі демалысы

Іс-шаралар жоспарына сәйкес Павлодар қаласының мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде мектеп демалысы күндері 2021 жылғы 1 - 7 қараша аралығында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 40 мыңнан астам оқушылары қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен клубтарда бос уақыттарын өткізеді және түрлі іс-шараларға қатысады.

Оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру жұмыстары қаланың 8 мектептен тыс мекемелерінде және 17000-нан астам баланың бос уақытын ұйымдастыратын 17 аула клубтарында жүргізілетін болады. Қосымша білім беру мекемелерінде оқушылар қызығушылықтары бойынша музыкалық, техникалық, көркемдік, лингвистикалық іс-шараларда, экскурсияларда және спорттық жарыстармен айналыса алады. Ж. Аймауытов атындағы театрға, Чехов атындағы драма театрына, кинотеатрларға бару ұйымдастырылады. Қаланың мәдениет мекемелерінде 5000-нан астам оқушының бос уақыты ұйымдастырылған.

Мектептерде «Sportislife» челленджі, «Менің еліме 30 жыл» викторинасы, шеберлік сыныптары, «Туған өлкенің табиғаты» білгірлерінің турнирлері, «Күз - мереке, күз - береке» байқаулары жоспарланған.

«Игі істер марафоны» акциясы аясында мектеп еріктілері жасақтары жалғыз тұратын қарт адамдарға барынша көмек көрсетеді.

30 қазанда экология және туризм орталығы «Отбасы мұражайы» қалалық қашықтық байқауын өткізеді, оған 1000-нан астам оқушы қатысады.

1 қарашада «Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту орталығы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Оның өлеңдерінің жарығы өшпейді» атты челленджін өткізеді. Сонымен қатар клуб тәрбиеленушілері арасында «Павлодар облысының киелі жерлер географиясы» атты интеллектуалды-танымдық ойын жоспарланған.

1 - 5 қараша аралығында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының аула клубтарында барлық жерде «Күзгі марафон», «Күзгі бал» іс-шаралары, «Күзді өлең» караоке кеші, сондай-ақ «Бірге билейік» хореография фестивалі өтеді.

5 қарашада «Жаңа көзқарас» дебат мектебі қалалық мектеп клубтарының басшылары арасында жаттықтырушылар турнирін өткізеді.

Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері арасында «Радуга звуков» этюдін үздік орындау байқауы өткізіледі.

Күзгі демалыс күндері балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырудың жалпы көлемі білім алушылар санының 90%-дан астамын құрайды.