Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларға жылулық сыйла
29-10-2021 11:30
Балаларға жылулық сыйла

Қазақстан Республикасында 29 қазан қамқоршылар күнін өткізу шеңберінде Павлодар қаласының 42 жалпы білім беретін мектебінде қамқоршылар мен патронат тәрбиешілерді құрметтеу бойынша іс-шаралар өткізілуде. Мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған қамқоршыларға рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру, оларды құрметтеу және қолдау. Қазіргі уақытта Павлодарда 483 баланы тәрбиелеуге және дамытуға жағдай жасаған осындай 393 отбасы бар.

Қамқоршылар күніне орай қала мектептерінде «Мейірімділік сағаты», «Үлкендерге - құрмет пен ізет» сынып сағаттары, «Балаларға махаббат сыйла» концерті, «Кәмелетке толмағандардың өміріндегі қорғаншылықтың маңызы» дөңгелек үстелдер өткізілуде. «Отбасылық фотогалерея» қызықты фотокөрмелері, коллаждар, суреттер, плакаттар, балалар шығармашылығының қолөнері көрмелері ұйымдастырылды.

Қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілерге құрмет көрсету, патронат балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар туралы бейнероликтер көрсету арқылы өтті. Мерекелік концерттер көрсетіліп, алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, асырап алушы ата-аналар балаларымен бірге спорттық эстафеталарға, «Екі жұлдыз» концерттік бағдарламасына, қайырымдылық жәрмеңкелеріне қатысты.