ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық олимпиада да қала намысын тіл білімінің 5 білгірі қорғайды
01-11-2021 17:56
Облыстық олимпиада да қала намысын тіл білімінің 5 білгірі қорғайды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығымен  2021 жылдың 27 қазанында тіл білімі бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі онлайн режимінде өткізілді. Олимпиадаға қаланың  26 жалпы білім беретін мектептерінің 8 - 11 сыныптарының 75 оқушысы қатысты. Мақсаты - дарынды балаларды дамыту және қолдау, оқушылардың қолданбалы лингвистикадан алған білімдерін тереңдету және жетілдіру.

Олимпиадаға қатысушылар туыстас тілдердің салыстырмалы грамматикасын білу бойынша тапсырмаларды орындады, үндіеуропалық, енисей және латын тілдерінен аудармалар жасады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 16 мектептен 21 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 5 оқушы, II орын - 6, III орын - 10.

№ 23 ЖОМ 8 сынып оқушысы Вертлугова Дарья, № 16 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Леликов Игорь, № 14 ЖОМ 10 сынып оқушысы Богомолова Дарья, № 34 ЖОМ 10 сынып оқушысы Бектина Ангелина, № 17 ЖОМ 11 сынып оқушысы Плахотнюк Алиса олимпиада жеңімпазы атанды. Қатысушылар тапсырмаларды орындау кезінде ең көп ұпай жинап, ежелгі енисей, латын, кет тілдерін білуде жақсы нәтиже көрсетті.

II орынды 6 оқушы (№ 28, 23, 43, 9, 20, Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ), III орынды 10 оқушы (№ 11, 16, 39, 9, 29, 2, 25, 18, Жетекші ЖОМ) иеленді.

Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарына ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздар қараша айында лингвистика пәні бойынша олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.