Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сабақты жоспарлаудың тиімділігі
02-11-2021 08:38
Сабақты жоспарлаудың тиімділігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Жас маманның кәсіби - тұлғалық қалыптасуы» жобасы аясында «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалымен бірлесіп 2021 жылдың 28 қазанында ZOOM платформасында «Сабақты тиімді жоспарлау» вебинары өтті. Мақсаты - жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, мақсат қою дағдыларын, рефлексивті дағдыларды жетілдіру, қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді жоспарлау әдістерін қолдану. Тренингке биыл орыс және қазақ тілдерінде оқытатын қаланың жалпы білім беретін мектептеріне келген 93 жас маман қатысты.

Модератор ретінде Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері, «ПроЛС» клубының жетекшісі, Нұрахметова Шолпан Саменқызы, тренер, филология ғылымдарының кандидаты Нығметова Бибігүл Жамбылқызы, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Әлмағамбетов Қайыржан Сағынтайұлы сөз сөйледі. 

Вебинар интерактивті форматта өткізілді. Диалог негізінде педагогтар сабақты жоспарлаудың тиімділігіне әсер ететін факторларды, интерактивті сыныптың ерекшеліктерін анықтауды, білім берудің жаңартылған мазмұнының аспектілерін бағалауды үйренді. Сессия залдарындағы әріптестердің ынтымақтастығы оқытудың коллаборативті ортасын құруға және VUCA-әлем жағдайында педагогтың рефлексивті дағдыларының маңыздылығын анықтауға мүмкіндік берді. Қатысушыларға сабақтың тиімді жоспарын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Педагогтердің кері байланысы өткізілген іс-шараның маңыздылығын көрсетті. Жас мамандар әртүрлі білімдерді біріктірмей, өз оқытуын табысты ұйымдастыру мүмкін емес екендігіне көз жеткізді, өзінің әдістемелік жүгін оқытудың жаңа құралдарымен толықтырды. Тренинг материалдары электронды-әдістемелік дайджестке орналастырылды және тәжірибеде қолдану үшін қала мектептеріне таратылды.