ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Вокал бойынша халықаралық телевизиялық өнер байқауының бас жүлде иегері
05-11-2021 10:25
Вокал бойынша халықаралық телевизиялық өнер байқауының бас  жүлде иегері

2021 жылғы 30 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Таланттар әлемі» халықаралық телевизиялық өнер байқауына Павлодар қаласы Қ. Бекхожин атындағы мектептің 2 сынып оқушысы Жакиш Айлин қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Айлин 7 - 9 жас аралығындағы қатысушылар арасында вокалдық жанр бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Ол диплом және байқау кубогымен марапатталды. Сондай-ақ, 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында және 2022 жылдың қаңтарында Түркияның Стамбул қаласында өтетін «Kazakh-turk festival» байқауына қатысуға шақыру алды. Жеңімпаздың жетекшісі Рахимбаева Рыскелді Мұратбекқызы, мектептің музыка пәнінің мұғалімі балалар шығармашылығын қолдағаны, оқушыларды тәрбиелегені, өнер әлеміне қосқан үлесі және жеңімпазды байқауға дайындағаны үшін Құрмет дипломымен марапатталды.

Байқау шарты бойынша қатысушылар еркін тақырыпта бір әнді жанды дауыспен орындауы керек еді. Айлин, М. Сәбидің сөзіне жазылған, музыкасы  И. Маркстің «Арманға сенемін» әнін орындады.

- Айлин өз жасына арналған әнді өте жақсы орындады, сахнада өзін еркін ұстады, байқаудың қазылар алқасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі, қазақстандық әнші Гүлнұр Оразымбетова Айлиннің өнерін жоғары бағалады, - дейді жетекшісі Рыскелді Мұратбекқызы.

Айлин 5 жасынан бастап ән айтады, мектеп үйірмесінде вокалмен айналысады. Ол 2019 жылы Павлодарда өткен «Лазурные берега» халықаралық байқауында бірінші бас жүлдені жеңіп алды. Ол «Рауан» қалалық байқауының, «Жас жұлдыз» онлайн байқауының жеңімпазы. Айлин өте шығармашыл оқушы, вокал үйірмесінен басқа, ол мектепте би және шахмат үйірмесіне қатысады. Бос уақытында ол импровизацияланған материалдан қолөнер жасауды және сурет салғанды ұнатады.