ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
КТК - 2021 финалы
11-11-2021 15:45
КТК - 2021 финалы

Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалы Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірлесіп, 2021 жылғы 10 қарашада Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің базасында қаланың мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінің жас педагогтерінің командалары арасында «КТК - 2021» қалалық байқауының финалы өткізілді. Байқаудың мақсаты - қызығушылықты қолдау, КТК жастар қозғалысын дамыту, кәсіби қалыптасуына, өзара іс-қимыл жасауға және жұмыс тәжірибесімен алмасуға ықпал ету.

КТК финалы кәсіби шеберліктің нағыз мерекесіне айналды. Байқауға № 2, 14, 15, 17, 24, 29, 34, М. Әуезов атындағы мектеп, Жетекші мектептерінен және № 44 балабақшадан 10 команда қатысты.

Командалар өз сөздерінде мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерін білетіндігін көрсетті. «КТК - 2021» финалы «Жас педагог қалай өмір сүресің?» командалардың визит карточкасынан және «Жастар бүгін және ертең» мәселесі бойынша үй тапсырмасын орындаудан тұрды.

Қатысушылар білім беру жүйесіне өз көзқарастарын креативті және ерекше түрде ұсынды, шығармашылық пен қиялын көрсетті, өздерінің поэтикалық және вокалдық қабілеттерін пайдаланды.

Құзыретті қазылар алқасының құрамында - Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, кәсіподақ ұйымының өкілдері, мектеп директорлары және КТК - қозғалысының көшбасшылары болды.

Қызу финал жеңімпаздарды анықтады. Барлық командалар «КТК - 2021» финалының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жүлде қоры 950 мың теңгені құрады.

«КТК - 2021» финалының гран - при иегері және 150000 теңге ақшалай сыйлыққа № 24 ЖОМ «24 RZ» жас педагогтар командасы ие болды. I орын үшін 100000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықты № 2 ЖОМ «2 Giz» командасы алды.

II орын үшін 70000 теңгенің сыйлық иегерлері 6 команда болды «Жұрттың баласы» (№ 14 ЖОМ), «Lady Men» (№ 15 ЖОМ), «ПОПС» (№ 17 ЖОМ), «Влад is Love» (№ 29 ЖОМ), «Под статусом» (М. Әуезов атындағы мектеп), «44 KZ» (№ 44 сәбилер-балабақша).

Үшінші орынды Жетекші ЖОМ «По локоть в мелу» және № 34 ЖОМ «Зачет» командалары иеленді.

Қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Сабира Шәкенқызы Сеитова КТК финалының барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, командаларды байқауға дайындауға белсенді қатысқан мектеп және мектепке дейінгі мекеме басшыларына Құрмет грамоталарын табыс етті.