ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстардың көрмесі
12-11-2021 10:17
Сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстардың көрмесі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының «Өркен» балалар - жасөспірімдер клубында 2021 жылдың 5 қарашасында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының тәрбиешілері мен педагогтарының сәндік-қолданбалы шығармашылығы бойынша «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры» көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты - патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиені, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, туған өлкенің тарихын білу, сәндік-қолданбалы шығармашылыққа қызығушылық танытатын дарынды балалар мен педагогтарды қолдау.

Көрмеге түрлі техникада және түрлі материалдарда орындалған 40-тан астам сурет қойылды. Бұл киізден, тоқымадан, түрлі - түсті қағаздан жасалған суреттер, квиллинг техникасында жасалған жұмыстар-спиральға бұралған қағаздың тар жолақтарынан суреттер мен көлемді композициялар жасау өнері.

Көрмеде педагог Серенькова Анастасия Николаевна, Сабитова Бибігүл Төлегенқызымен бірге «Қазақстан. Каспий теңізі» атты жұмыстарын таныстырды. Олар эпоксидті шайырдан (бұл әр түрлі беттерді желімдеу, ламинаттау және құю үшін қолданылатын бір немесе екі компонентті синтетикалық масса) және акрил бояуларынан жасады. Осылайша, авторлар Каспий теңізінің барлық сұлулығы мен кеңдігін жеткізгісі келді.

Смыков Әмір Серікұлы көрермендердің назарына түрлі сурет техникасын пайдалана отырып, бірнеше картинаны ұсынды. Мысалы, «Баянауыл сұлулығы» картинасы ашық ауада - акрил бояуларымен боялған. Оны Баянауыл таулары мен Жасыбай көлінің әсемдігі шабыттандырды. Бір ай бойы, 2021 жылдың 5 желтоқсанына дейін, көрмеге № 37 мектеп оқушылары мен «Жігер» жасөспірімдер-аула клубтарының тәрбиеленушілері шақырылады. Жалпы келушілер саны 300-ден астам адамды құрайды деп күтілуде.