ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Лингвистикалық олимпиададағы павлодарлық оқушылардың жетістіктері
15-11-2021 17:03
Лингвистикалық олимпиададағы павлодарлық оқушылардың жетістіктері

Дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, тіл білімі бойынша білімдерін жетілдіру және тереңдету мақсатында 2021 жылғы 11 қарашада Павлодар педагогикалық университетінде тіл білімі бойынша республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі өтті.

Олимпиаданың облыстық турына қалалық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары, лингвистика және филологияға бейім 8-11 сыныптардан 81 оқушысы қатысты. Қатысушылар арасында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 43 оқушы, аудан мектептерінен 26 оқушы, Ақсу, Екібастұз қалаларындағы мектептерден 12 оқушы, Павлодар қаласының № 14, 16, 17, 23, 34 орта мектептерінен 5 оқушылары.

Қатысушылар туыстас тілдердің салыстырмалы грамматикасын білу бойынша тапсырмаларды орындады. Лигнвистика бойынша олимпиаданың ерекшелігі - логикалық ойлау қабілеті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болып, облыстық білім басқармасының II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

ІІ орынды № 14 орта мектептің 10-сынып оқушысы Дарья Богомолова, ІІІ орынды № 16 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Леликов Игорь, № 17 орта мектептің 11-сынып оқушысы Плахотнюк Алиса иеленді.