ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Jas Orken» сыйлығының гран-при иегері
17-11-2021 09:50
«Jas Orken» сыйлығының гран-при иегері

Павлодарда облыс әкімінің орынбасарымен дарынды балаларды, «Jas Orken» республикалық сыйлығының иегерлері, оның ішінде Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 11 сынып оқушысы Аружан Абылханованы салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларға «Jas Orken» мүсіні, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Аружан «Жас патриот» номинациясы бойынша гран-при және планшет иегері.

- Отанға деген дұрыс көзқарас, оған деген сүйіспеншілік маған бала кезімнен-ақ дарытты. Саналы жасымда мен М. Катаев атындағы оқушылар сарайының «Ориентир» үйірмесіне бара бастадым, мұнда отбасы мен мектептен кейін «Қалай патриот болуға және нағыз патриотизмді сақтауға болады?» тақырыбында менің оқуы мен тәрбием жалғасты. Осы төрт жылдың ішінде басшы Айжан Жұмағұловамен бірге көптеген патриоттық іс-шаралар, акциялар ұйымдастырып, өткіздік. 9-сыныпта мені мектепте Ұланбасы етіп таңдады. Балалармен бірге біз еріктілер қозғалысына қатыстық, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсеттік. Осы уақыт ішінде мен көп нәрсені үйрендім - көшбасшы ретіндегі дағдыларымды жетілдірдім, көптеген қызықты және талантты адамдармен таныстым, мақсат қойып, оған қол жеткізуді үйрендім. Егер мені жоба қызықтырса, мен оған қатысуға тырысамын. «Jas Orken» республикалық балалар сыйлығы менің жетістіктерімнің бастауы болды. Нәтижеге қол жеткізу, туған мектебіңіздің, ата-анаңның мақтанышы, өсіп келе жатқан үш қарындасыма үлгі болу мен үшін өте қуанарлық жағдай. Алда әлі де көптеген игі істер күтіп тұр, - дейді Аружан.

«Jas Orken» республикалық сыйлығы «Жылдың халық сүйіктісі» Қазақстандық ұлттық сыйлығы аясында, «Республика - Өңір - Даму» қоғамдық қоры «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, «Nur Otan» партиясының көмегімен тағайындалып, қазақстандық қоғамдастықтың назарында болған балалар мен балалар ұйымдарына танымалдылығы мен құзыреттілігі үшін беріледі.

Биылғы жылы сыйлықтың 14 номинациясына Қазақстанның барлық өңірлерінен 413 қатысушы, оның ішінде Павлодар облысынан 25 бала қатысты. Нәтижесінде павлодарлықтар «Жас дарын» - Юное дарование», «Жас патриот» - «Юный патриот», «Жас биші» - «Юный танцор», «Жас блогер» - Юный блогер», «Үздік ерікті» - «Юный волонтер» номинацияларында гран-при жеңіп алып, лауреат атанды. Үміткерлер байқауға бейнеролик-презентациялар жіберді. Финалдық шорт-параққа 70 үміткер өтті, олар үшін ресми сайтта 400 мыңға жуық дауыс берілді. Дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп марапаттар Павлодар облысының балаларына - гран-при - 5, лауреаттар - 3, одан кейін Қостанай облысының өкілдеріне берілді, үшінші орында Нұр-Сұлтан қаласының қатысушылары алды.