ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
195 жас оқушы математика бойынша білімдерін тексерді
18-11-2021 08:28
195 жас оқушы математика бойынша білімдерін тексерді

Оқушыларды әртүрлі деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау мақсатында 2021 жылғы 15 - 16 қарашада «Бастау» қалалық математикалық турнирі өтті. Жалпы білім беретін 40 мектептің 2 - 4 сыныптарының 195 оқушысы және «Лингва» жеке мектебінің (2) қатысты, өткен жылы 177 оқушы қатысты.

Ереже шарттары бойынша турнир білім беру бағдарламалары негізінде құрылған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар бойынша өткізілді. Қатысушылар GOOL платформасында тест тапсырмаларын онлайн орындады.

Турнир қорытындысы бойынша 86 жас математик жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 6, II орын - 19, III орын - 61.

2 сынып оқушылары арасында I орынды Нұрлан Нұрәлі (№37 мектеп), Рахметолла Дильназ (№ 9 мектеп-гимназия) иеленді. ІІ орынды № 9 мектеп-гимназия, № 16 лицей-мектебі, № 1, 2, 11, 36 мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 7, 11, 17, 18, 23, 27, 28, 31 (2), 32, 33 (2), 35, 36, 40, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ (2), Жетекші ЖОМ, «Лингва» жеке меншік мектебінің  оқушылары иеленді.

І орынды 3 сынып оқушылары арасында Тілеубекұлы Сұңғат (№ 38 мектеп), Макс Рамазан (№ 16 мектеп-лицей) иеленді. ІІ орынды № 6, 11, 17, 25, 34, 39, Б. Момышұлы атындағы мектеп, ІІІ орынды № 9 мектеп-гимназия (2), 11, 18, 21, 23, 27, 30, 31, 33 (2), 35, 37, 39, 41, № 32 НОМ, Қ. Бекхожин атындағы, Кенжекөл  ЖОМ (2) оқушылары иеленді.

4 сынып оқушылары арасында І орынды Қадіркеш Әкежан (№ 19 мектеп), Власов Роман (№ 39 мектеп) иеленді. ІІ орынды № 9 мектеп-гимназияның, № 16 мектеп-лицейдің, № 2, 14, 25, 37 мектептерінің оқушылары, ІІІ орынды № 32, 38 НОМ, № 32 НОМ № 1, 5, 11, 14, 24, 26, 28, 29, 30, 31 (2), 35, 36, 39, 40, 43, К. Мақпалеев атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Кенжекөл ЖОМ  оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталады.