ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас математиктер 5 жүлделі орынға ие болды
22-11-2021 11:45
Жас математиктер 5 жүлделі орынға ие болды

ІХ облыстық кіші мектеп оқушыларының математикалық турниріне облыстың жалпы білім беретін мектептерінің және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінің 106 оқушысы, оның ішінде қалалық турдың жеңімпаздары № 9, 16, 19, 37 (2), 38, 39 жалпы білім беретін мектептердің 7 оқушысы қатысты.

2021 жылдың 20 қарашасында Павлодар қаласының № 37 ЖОМ  «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен турнир өткізілді. Мақсаты - оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға дайындау.

Қатысушылар бір сағат ішінде математикадан 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады. Байқау қорытындысы бойынша 7 қатысушыдан 5 павлодарлық оқушы жүлделі орындарға ие болып, «Ертіс дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

4 сынып оқушылары арасында І орынды № 39 ЖОМ оқушысы Власов Роман, ІІІ орынды № 19 ЖОМ оқушысы Қадіркеш Әкежан иеленді.

3 сынып оқушылары арасында ІІІ орынды № 38 НОМ оқушысы Тлеубекұлы  Сұңғат иеленді.

2 сынып оқушылары арасында ІІІ орынды № 37 ЖОМ оқушысы Нұрлан  Нұрәли  және  № 9 мектеп-гимназиясының оқушысы Рахметулла Дильназ иеленді.